Парасатты отбасы атанды

1 075 Views

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өне­рі­мен озып шыққан қаншама за­ман­дастарымыз бар. Олардың жү­ріп өткен жолдары кез келген ста­тис­тикадан артық көрсеткіш.
Сондықтан, оларды телеви­зия­лық деректі туындылардың кейіп­керіне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қа­рап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз ке­рек» деп атап өткен болатын. Бүгін­гі жастар ертеңгі елдің тұтқалары екенін ескерсек, олардың өмірден өз орнын табуына көмектесуіміз қа­жет. Ол үшін Елбасы айтқандай өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан жекелеген адамдар мен то­лыққанды отбасылардың өнегелі жолын үлгі етуіміз керек. Бүгінде бар­­лық мектептерде өткізіліп жатқан «Парасатты отбасы» бай­қауы соның айқын көрінісі се­кілді. Отбасы құн­дылықтарын насихаттау арқылы парасатты от­басыларды қоғамға үл­гі етуді көз­дейтін байқауды Тұрар Рысқұлов атындағы мек­теп лицейі­нің ұжымы жоғары деңгейде өткізді. Алты кезеңнен тұратын байқауда Спанбаевтар отбасы абырой биі­гінен көрініп, байқау жеңімпазы атанды.

С.Сейтқазиева,
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: