Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізудегі критериалды бағалаудың маңыздылығы» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Мектеп директорлары, директордың оқу ісі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, пәндік әдістемелік бірлестік жетекшілері шақырылған семинар-кеңеске облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова бастаған білім басқармасының мамандары және аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Самылтыров қатысты. Жиында алғаш Жәмила Елеуқызы сөз сөйледі.
«Бүгінгі күні жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес критериалды бағалау жүйесі бойынша өзекті мәселелер туындап отыр. Осы тақырып турасында жақында ғана Нұрсұлтан қаласында облыстық білім басқармалары мен аудандық, облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинет басшыларының қатысуымен алқалы жиын өтіп, бұл мәселе сол отырыста кеңінен талқыланды» -дей келіп, критериалды бағалау жүйесі бойынша арнайы келген спикерлерге сөз берді.
Содан соң, критериалды бағалау жүйесінің маңызы мен сипаты жайында топ құрамындағы спикерлер салиқалы әрі мәнді мәліметтер айтып, жиынға қатысқан әріптестеріне мол мағлұмат берді.
Марат Жолдасбекұлы.