Адамның орнын құмырсқалар баса ма?

724 Views

Шотландия университетінің профессоры Люк Бишер енді 50 миллион жылдан кейін жер бетіне адамның орынын қандай тіршілік иесі келеді деген сұраққа ұзақ уақыт жауап іздеп келеді. Ол осыдан 65 миллион жыл бұрынғы динозаврлар дәуірінен кейін жер бетінде өзгеріс бола қойған жоқ деген. Алайда, ғалым қазіргі адамдар жерден жойылатын болса, онымен бірге маймылдар да, барлық жан- жануарлар дүниесі де түгел құриды.
Бұл тұрғыда құмырсқалар ғана аман қалуы мүмкін. Тіпті, адамның орынын солар басуы да ғажап емес. Бірақ, 50 миллион жылдан кейін қазіргі құмырсқалар қандай болатынын елестетудің өзі қиын депті.
Шынында, жер бетіне аспаннан қандай қауіп төнсе де, бірден бір аман қалуы мүмкін жәндік құмырсқалар екен. Бүгінде, жер бетіндегі құмырсқаның жалпы саны триллионнан асады.
Ал, зерттеулер мен теориялар мезезой дәуірінде қазіргідей төрт мезгіл болмаған деп отыр. Демек, ол тұста жер беті басқа тіршілік иелеріне арналды.
Алайда, алып астеройд соққысынан кейін планета беті үлкен өзгеріске ұшыраған. Адам да сол кезеңнен кейін пайда болды.
Бүгінде, ғалымдар Күннің әлі 5 мил­лиард жыл жанатын қоры бар екендігін айтуда. Ал, жердің болашағы күнге тікелей байланысты болғандықтан, оның да ғұмыры ұзақ болуы мүмкін.
Бірақ, осыншама жылда жердің бетінде адам жүреді ме? Әлде басқа тіршілік болады ма? Ол жағы белгісіз. Бір анығы, осы уақытқа дейін жер бетінде бір ғана тіршілік иесінің өмір сүрмегендігі. Бұл әр адамға ой салады…

Поделиться ссылкой: