Мемлекеттік қызметкерлермен кездесті

701 Views

«Мемлекеттік қызметкердің статусы қай деңгейде?», «Азамат­тар­мен қарым-қатынас жасаудың тәр­тібі қандай?», «Іскер­лік киімнің үл­гісі қандай болуы керек?» де­ген сан түрлі сауалдарға нақ­ты жа­уап беру үшін өткен аптада Жам­был облысы әкімінің әдеп жө­нін­­дегі уәкілі Мәди Мәтен және Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Ануарбеков ауданымызға арнайы іс-сапармен келді. Шара барысында аудандық мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, оларға қатысты ақпараттармен бөлісті.

Жиын барысында мінберге бірінші болып көтерілген аудан әкімінің орын­басары, әдеп жөніндегі уәкіл Руслан Оразхан ауданда атқарылып жат­қан жұмыстар туралы баяндап, қыс­қаша хабарлама жасады. Одан соң ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл об­лысы бойынша департаментінің бас­қарма басшысы Азамат Ануарбеков мем­­лекеттік қызметкерлерге қатысты ко­декс­тің мақсат-міндеттерін, оларға қойы­­латын талаптарды, мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, қарым-қатынас нормаларын, іскерлік киімнің үлгісін, қызметтен тыс өзін-өзі ұстау тәртіптерін кеңінен әңгімелеп берді. Аталмыш нормалар жайында об­лыс әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Мәди Мәтен де ой бөлісіп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын қа­таң түрде сақтау керектігін айтты. «Мемлекеттік қызметкерге қойылған талаптар өте қиын. Оларды орындау және қатаң түрде сақтау біздің тікелей мін­детіміз. Жасыратын несі бар, сол бір кей талаптар өкінішке орай өз деңгейінде орындалмай жатады. Олардың көбісі қызметтен тыс уақытта орын алуда» деп бірнеше қойылатын талаптарға тоқталып өтті. Атап айтар болсақ, жұмыс барысынан тыс уақытта мемлекеттік көлікті пайдалану немесе оны мас күйінде басқару, әлеуметтік желіні жиі қолданушыларға сыпайы, нақты дәлелдермен жауап қайтару, той-томалақта өзін-өзін дұрыс ұстау, әлеуметтік желіні сапалы әрі дұрыс қол­­дану керектігін айтты. Мәди Мейір­­бекұлы тіпті телефонмен сөйлесу бары­сында да байыпты жауап қайтара білудің өзі аса маңызды екенін түсіндіріп, жиын­ды қорытындылады. Кездесу соңын­да мемлекеттік қызметшілерден сауал­нама алынды.
Іс-сапар барысында әдеп жөніндегі уәкіл­дер аудан әкімдігінің үлкен мә­жі­ліс залында жеке қабылдау өткізді. Қа­былдау кезінде мемлекеттік қызмет­кер­лер тарапынан қойылған сауалдарға нақ­ты жауап қайтарылып, әр түрлі кеңес­тер берілді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: