Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Бүгінде аудан көлемінде 2595 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Оның ішінде 396 отбасының күндізгі бөлімде оқитын 511 білімгер балалары бар. Осы 396 отбасына ай сайын 31680,0 мың теңге төленіп келеді. Алайда 13 қыркүйекте атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесіне өзгерістер енгізіліп, ережеге сәйкес тұрғылықты жерінде тұрмайтын студенттерге атаулы әлеуметтік көмек берілмейтін болған еді. Осы жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар наразылық танытып, арызданды. Біз бұл мәселемен аудан прокуроры Дәурен Райымқұловқа қайырылып, мән-жайды түсіндірген едік. Дәурен Қуатбекұлы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы туындаған түйткүлдерді толық шешілуіне ықпал еті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан оң қорытынды келді. Ендігі жерде барлық студенттер оқуына байланысты өзге қалаларда тұрғанына қарамастан атаулы әлеуметтік көмекті бұрынғыдай алатын болды. Аудан прокуроры Дәурен Қуатбекұлы Райымқұлов жас болса да өз қызметінің шебері және еңбекқорлығы байқалып тұр. Аудан прокурорына алғысымыз шексіз.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы.