Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай аудандық білім бөлімі мен «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиялы бірлесіп «Менің Қазақстаным» атты патриоттық ән байқауын өткізді. Аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен бауқаудың мақсаты Қазақстан халқының рухани бірлігін нығайту, патриоттық әндерді орындату арқылы жастарды жігерлендіру, орындаушылық қабілеттерін дамыту. Байқауға әрбір білім беру мекемесінен 15-17 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін №1 мектеп-лицейінің оқушысы Ақзер Орынбасарқызы еншіледі. Ал, жүлделі І орын Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушысы Нуризат Тынжанқызына бұйырса, ІІ орын Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Айбол Тілеуберген мен Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушысы Шұғыла Думанқызының еншісіне жазылды. Жүлделі ІІІ орынды А.Шынәсілов атындағы орта мектептің оқушысы Мерей Әбдраманова мен Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің оқушысы Аяулым Досжанқызы өзара бөлісті.
М.Сейдашым.