Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», -деп ғұлама А.Құнанбаев атамыз айтқандай, біз мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді жақсылыққа баулуға, тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз.
Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп, бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Мектептегі тәрбие – барлық тәрбиенің негізгі өзегі. Педагог балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін негізгі тұлға.
Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Сондықтан біздің де ұстанымымыз-жүрек қалауымен таңдаған мамандығымызға жауапкершілікпен қарау. Ұстаз болу жай ғана мамандық емес. Ол-адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі екені сөзсіз. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, бала жүрегінен орын аласың. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Осындай бала жүрегіне жол тауып, еңбегімен еленіп жүрген №1 мектеп-лицейінің Г.Набиева, С.Өтеулиева, Д.Шолпанқұлова, Н.Оразбай сынды тәжірибелі педагогтарын атап өтуге болады. Тәжірибелі ұстаздар «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбелеуде жаңа инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында аудандық семинар өткізіп, өз тәжірибелерімен де көппен бөлісті. Семинар жұмыстарында дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясын, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі атқарылатын жұмыс кешендерін жүйелі көрсете білді.
Бала жанының бағбаны болып отырған осындай жандарға айтар алғысымыз шексіз.
У.Садыбаева,
№1 мектеп – лицейінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі.