Құнды құжаттар қойылған

700 Views

Аудандық музейдің сөрелерінде Тұрар Рысқұлов өмірінен сыр шер­тетін көптеген деректер мен құнды құжаттар қойылған. Тіпті, онда қоғам қайраткеріне арналған арнайы бұ­рыш та бар. Онда қылқалам шеберлері салған Тұрар Рысқұловтың портреттері және жерлес мүсінші Қырғызбай Қаңтарбаевтың Тұрардың тұлғасын бейнелеген туындысы қойылған. Сонымен қатар, оның жеке заттары мен жазбалары, кітаптары да арнайы бұрыштан орын тапқан.
Музейде Рысқұловтың өзінің және де отбасының суреттерін де тамашалауға болады. Дәлірек айтар болсақ, әкесі – Рысқұл, қыздары – Сәуле мен Ританың суреттері бар. Одан бөлек тарихи тұлғаның Түрксіб темір жолын салу, Моңғолияға сапары, отбасымен бірге уақыт өткізген кездері түсірілген суреттері де қойылған.
Сонымен қатар, сөрелерде сары майдай сақталған ұлт ардақтысы жайында жазылған мақалалардың қиындылары да бар. Олардың қатарында «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Знамя труда», «Ақ жол» және аудандық «Құлан таңы» газеттерінің мазмұнды мақалалары бар.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: