Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
8 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алты Алаштың қайсар ұлы – Тұрар Рысқұлов» атты тарихи кеш өтті. Іс шара барысында Тұрар Рысқұловтың өмірі мен өмір жолындағы атқарған қызметтері және Түркістан-Сібір теміржолын салудағы еңбегі айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары мемлекет қайраткері Т.Рысқұлов туралы жыр-толғауларын орындады. Қазақ халқының осындай елін сүйген ер ұлдарының бірі де бірегейі Тұрар Рысқұловтың өмірінен қысқаша көрініс көрсетілді. «Алаштың тау тұлғасы» атты көрме инсталляциясы ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Тұрар Рысқұлов – терең ойлы, болашақты болжай білген әлемдік деңгейдегі реформатор тұлға. Тұрар Рысқұлов басшы бола білетін, басқара білетін, ел мен жерге, халыққа қызмет еткен, зиялылықтың үлгі-өнегесін көрсете білген тұлға. Тұрар – түркі ұлттарының тағдырын түгел ойлаған, елінің маңдайына біткен азамат.
А.Искакова,
цифрландырылған ақпараттық орталықтың кітапханашысы.