«Жарқын болашақ» оқушыларды жетістікке жетелейді

1 022 Views

2008 жылдан бері Қазақстан Республикасының Білім және ғы­лым ми­нистрлігінің қолдауымен мем­ле­кет­тік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойын­ша ерекше дарынды оқушыларды анық­тау мақсатында «Білім инновация» ха­­лықаралық қоғамдық қоры «Жарқын бо­лашақ» (КАТEV) атты республика­лық байқауын ұйымдастырып келеді. «Жарқын болашақ» байқауы 7- 11сынып аралығындағы оқушылар арасында «Бейнелеушілер», «Білгірлер бәйгесі», «Сөз шеберлері» «Жас қаламгер» және «Әнші бұлбұлдар» секілді 5 номинация бойынша өткізіледі.
Жақында Қарақыстақ ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің акт залында аталмыш байқаудың аудандық кезеңі өтті. Аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен өрбіген байқауға әр ауылдық округтегі мектептерден жиынтық саны 167 оқушы қатысты.
Нәтижесінде «Бейнелеушілер» сайысында № 1 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Сейітжан Асатулла, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Бауыржан Әуесбаев, № 2 шағын орталықты орта мектептің 10 сынып оқушысы Алмаз Қоңқышев жүлделі III орынды иеленсе, жүлделі II орынды Максим Горький атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Женерке Ахан мен Ахмет Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектептің 10 сынып оқушысы Жарқынай Еркен жеңіп алды. Бұл сында Жамбыл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мөлдір Ноғай жүлделі I орынға ие болды. «Білгірлер бәйгесі» жарысында Ақбұлақ, Ақтоған және Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 11-ші, 9-шы, 8-ші сынып оқушылары Аружан Оразахова, Мадина Асемова, Ару Абусерікқызы жүлделі III орындарға ие болса, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Ердәулет Смаилхан мен № 3 шағын орталықты орта мектептің 10 сынып оқушысы Мөлдір Арыстанбекова жүлделі II орынды еншіледі. Жүлделі I орын Райымбек Смаилов атындағы шағын орталықты орта мекептің 10 сынып оқушысы Тұнық Гіміңтайға бұйырды. «Сөз шеберлері» сайысында № 1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Дариға Құрманалы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Ерасыл Артықбай, Ақыртөбе орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ұлпан Мейірқұл, Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Жәния Ақылсейіт жүлделі III орынды еншілесе, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің 11 сынып оқушысы Жәнібек Әміреев пен № 3 шағын орталықты орта мектептің 10 сынып оқушысы Ақнұр Абақ жүлделі II орын иегері атанды. Ал жүлделі I орынға Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Батыржан Медет ие болды. «Жас қаламгер» жарысында Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Ерасыл Жұмабай, Абай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әліби Жұмабек, № 5 шағын орталықты орта мектептің 9 сынып оқушысы Назым Нарқұлова жүлделі III орынға ие болса, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 11сынып оқушысы Кәусар Баянғали мен Максим Горький атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Ұлбосын Мұратбек жүлделі II орынды жеңіп алды. Бұл жарыста Райымбек Смаилов атындағы шағын орталықты орта мекептің 11 сынып оқушысы Дана Саламат үздік шықты. Өткен жылы республикалық «Ақберен» байқауында жүлделі I орын иеленген ол осы байқауда да бірінші болып, өзінің білімді оқушы екенін көрсетті. «Әнші бұлбұлдар» бәсекесінде Ақбұлақ, Бауыржан Момышұлы, № 1 лицей мектебінің 8-ші, 10-шы сынып оқушылары Дина Қадыржан, Ермахан Есберген және Рамазан Ілесов жүлделі III орынды еншілесе, Қорағаты және Қызылпан Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектептің 9 және 10-шы сынып оқушылары Жансая Жәрдем мен Ерболат Юсупов жүлделі II орынға ие болды. Ал Ақыртөбе орта мектебінің 8 сынып оқушысы Адинай Паралиева байқау жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, «Жарқын болашақ» байқауында өзге ұлт оқушылары да бақ сынайды. «Бейнелеушілер» жарысында Максим Горький атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Фарух Исраилов жүлделі III орынды иеленсе, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Вероника Ермолдаева жүлделі II орынды жеңіп алды. Жүлделі I орын Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Мария Ситникованың еншісіне жазылды. «Білгірлер бәйгесі» бәсекесінде Максим Горький атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Шахзод Бабашев үздік үштіктің қатарына енсе, жүлделі II орын Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Хаким Байхановқа бұйырды. Бұл сында №1 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Томирис Кабатаева үздік деп танылды. «Сөз шеберлері» жарысында Максим Горький атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Татьяна Зайцева жеңімпаз атанды. Мәнерлеп оқу тұрғысынан көптеген қателіктер орын алған соң, бұл сындағы қалған орындар қазылар алқасының шешімімен қазақ тобында бақ сынаған оқушыларға берілді. «Жас қаламгер» додасында Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 9 сынып оқушысы Анеля Қайнарбаева жүлделі III орынға ие болса, № 5 шағын орталықты орта мектептің 10 сынып оқушысы Раушан Абдрахманова жүлделі II орынды еншіледі. Максим Горький атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Лия Байгельдиева байқау жеңімпазы атанды. «Әнші бұлбұлдар» сайысында Максим Горький атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Снежана Шахмаева жүлделі III орынды жеңіп алса, Ақыртөбе орта мектебінің 10 сынып оқушысы Салават Баязитов жүлделі II орын иегері атанды. Байқауда жеңімпаз атанғандар облыстық бәсекеде аудан намысын қорғайтын болады.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: