Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің халыққа тигізер септігі мол

1 017 Views

Өткен сейсенбіде «Сұлутөр» кинотеатрында аудандық прокура­тураның бастамасымен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмыссыз ретінде тіркелген жандардан бөлек, алимент төлеуші және пробация қызметінде бақылауда тұрған азаматтар да келіп қатысты. Жәрмеңкені Тұрар Рысқұлов ауданының прокуроры Дәурен Раймқұлов сөз сөйлеп, ашып берді. Дәурен Қуатбекұлы өз сөзінде жұмыссыз жүрген отандастарымызды тұрақты жұмыспен қамту үшін мем­лекет тарапынан барлық жағдайдың жасалынып отырғанын тілге тиек етіп, жәрмеңкеге келушілерді еркін пікір алмасуға шақырды. Содан соң сөз сөйлеген аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Сапар Құлманов 83 бос жұмыс орындарынан сұраныс келіп түскенін хабарлады. Бұдан кейін, шаруа қожалықтары, ау­дандық аурухана, мектеп, ауылдық округ әкімшіліктерінен өзге де келіп түс­кен сұраныс бойынша жәрмеңкеге қаты­сушылар жұмыс берушілермен әңгі­мелесіп, пікір алмасты. Нәтижесінде 83 бос жұмыс орындарының ішінде жәрмеңкеге қатысушылардың 44-і тұ­рақ­ты жұмысқа орналасса, қалғаны ақылы қоғамдық және жастар тәжірибесі бойын­ша жұмысқа тартылды.

М. Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: