Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деп жыл басында баспасөз беттерінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында мерейтойлардың мәнін ашып көрсеткен еді. Расында Абай ұлағаты бүгінгі қоғамға да, келешек ұрпаққа да рухани кемелденуіне бастар жол, басты бағдар екені даусыз. Президент айтқандай ұрпақтың рухани кемелденуін мақсат еткен Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің ұжымы «Абайды оқы, таңырқа!» атты онкүндік өткізді. Мектеп директоры Ақбота Ыстыбаеваның ұйытқы болуымен өткен шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанна Асилина жауапты болды. Онкүндік барысында мектеп оқушылары Абай өлеңдерін жатқа оқып, ойшыл ақынның ұлағатын ұғынды.
Абайдың ақындығы ғана емес сазгерлігі де мықты. Музыка пәнінің мұғалімі А.Жиенбаеваның Абай әндерінен өткізген «Көңілім әнді ұғады» атты ән байқауында 5-6 сынып оқушылары ән құдіретін түсініп, тереңіне бойлай алатынын көрсетті. Мәселен, 6 сынып оқушысы Нұрсезім Қазақбайдың орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әні кәсби әншілердің орындауынан кем болмады. Оқушылардың Абай мұрасына деген құштарлығы «Алтын қақпа» интеллектуалды ойын кезін де анық аңғарылды. Алты кезеңнен тұратын білім бәйгесінде 10 сынып оқушысы Дәулет Нұрғазы үздік шықты. «Ұлы халықтың ұлы Абайы» тақырыбында Абайдың қарасөздерін жатқа оқудан сайысқа түскен оқушылардың арасынан 9 сынып оқушысы А.Оңалбек мықтылығын мойындатса, «Адамзаттың Абайы» тақырыбындағы эссе байқауынан 9 сынып оқушысы Мерей Додай көзге түсті.
«Әу демейтін қазақ жоқ» демекші өлең құрап жазбайтын да қазақ жоқтың қасы. Абайға арнаған өз өлеңдерін жатқа оқудан бақтарын сынаған оқушылардың арасынан 5 сынып оқушысы Мұхтархан Әкетайдың ақындығы жоғары бағаланды. Мектеп ұстаздары сурет байқауын да ұйымдастырып, 7 сынып оқушысы Жансерік Мұраттың салған суреті көз сүйсіндірді. Мектеп кітапханашылары Абайдың өмір жолына, шығармашылығына шолу жасаған онкүндіктің қорытындысында талантымен танылып, білімімен биіктерді бағындырған оқушылар марапатталды.
М.Сейдашым.