Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің катары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.
«Еріктілер — жаны» таза адамдар. Белсенді азаматтық үстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз» — деді Президент. 26 тамызда Мемлекет басшысы қаулыға қол қойды. Ол бойынша Үкіметке Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Заңда көрсетілгендей еріктілер қызметі — жеке тұлғаларға, кәсіпорын — компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау.
Ел Президентінің 2019 жылғы 10 желтоқсанында өткен Жастар жылының жабылуы және Еріктілер жылының басталуы рәсімінің қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларын орындау туралы хаттамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті-заңгерлерді тарту бойынша жауапты орындаушы болып бекітілген.
Осыған байланысты Жамбыл облыстық Әділет департаментінің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Тұрар Рысқұлов ауданаралық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен жұмыстар атқарылуда.
Аудан мекемелерінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында, сонымен қатар, Жастар орталығында ерікті заңгерлердің, адвокаттардың, нотариустардың және сот орындаушылардың қатысуымен азаматтарға консультациялық көмек көрсетіліп және туындаған сұрақтарына толыққанды жауаптар беріліп, білікті заң көмегі көрсетілді.
Ерікті болу — ерлікпен тең. Сөз соңында айтарымыз, еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім мол. Әрбір қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса, алынбайтын асу жоқ.
Бақыт Мұхтарова.
«Қазақстан Заңгерлік Одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының мүшесі.