Архив – тарихтың алтын қазынасы
Жуырда аудандық архив қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын басшылыққа ала отырып, «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» деген тақырыпта семинар сабақ ұйымдастырды. Семинар барысында ұлттық архив қорының жинақтау дерек көздері болып табылатын ұйымдардың іс жүргізуіндегі және ведомстволық архивтеріндегі құжаттардың дұрыс сақталу тәртібі, құжаттама жасау, құжаттарды дайындау мен рәсімдеу, сондай-ақ, құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптар жан-жақты таныстырылды.
Өткені жоқ, тарихы қалыптаспаған ел болмайды. Көне тарих қойнауынан тереңдеп енген әрбір кезеңнің өзіндік маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын жылнамалары бар. Осы ретте, архив ісіне жүктелетін жауапкершілік зор. Сондықдан болар, архив шежіре қоймасы ғана емес, ұлт тарихының алтын қазынасы болып есептеледі.
«Құлан таңы» ақпарат.