Ағаш көшеттері отырғызылды
52 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қыз баланың сұлулығы тәрбиесі,
Таза болса ары мен жан дүниесі.
Ата –ана ақылын місе тұтса,
Айдан анық атына шаң тимесі.
Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында Айтқұл Шынәсілов атындағы орта мектеп жанындағы «Шәушен» интернатында «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты интернат қыздарының арасында қыз сыны байқауы өткізілді. Қазақта «бұлақ көрсең көзін аш» деген ақыл кеңес сипатында айтылған тамаша қағида бар. Саналы тәрбие, сапалы білім алуға оқып жатқан білімді де білікті оқушыларымыз: Дариға Дүйшеева, Алтынай Олжас, Нұрайым Жұмахан, Гүлсезім Асан сияқты қыр гүліндей құлпырған аруларымыз осы байқауға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бала болашақтың жан- жақты тұлға болып қалыптасуына осындай қамқорлық жасап отырған интернат ұжымының еңбегі орасан зор. Іскер басшы ретінде мекеме игілігі үшін жасаған бағдарламалары, оқушылардың үлкен белестерден көрінуіне, шыңдалуына Бұламбаев Дархан Кеңесұлы бар еңбегін салуда. Осы байқауға зор үлесін қосып отырған тәрбиешілеріміз Нұржамал Мұратова, Мадина Абдиманапова, Нұргүл Сембаева, Индира Ашимбекова және де осы интернат ұжымының атсалысып жатқан қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Интернатымыздан дарынды да білікті түлектеріміз өмірден жақсы үлестерін алып жатқаны бар. Тәрбиелеп отырған тәрбиеленушілеріміз осындай сайыстардан, жарыстардан, биіктен көріне берсін демекпіз.
А.Өгізбаев,
«Шәушен» мектеп-интернатының шаруашылық меңгерушісі.