Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр- қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы жайма шуақ көктеммен қатар келедi. Ал көктемде жер Ана қайта құлпырып, айналаға шуақ шашатыны белгілі.
8 Наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдер орталығы аталмыш мекемеден зейнетке шыққан ардагер аналарға арнап кеш ұйымдастырды.
Ондағы мақсатымыз — ана туралы тамаша әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтап, оқушыларды білімге, адамгершілікке, мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтымызға тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, ұстазға, деген құрмет сыйын арттыру.
Мұндай іс-шаралар оқушыларға ата — ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беріп, ана еңбегін қадірлей білуге үйретеді.
Іс-шараға мекемеден зейнетке шыққан ардагер аналар Жұмакүл, Мейрамкүл, Әшіркүл, Зәуреш сынды зейнеткер ұстаздар қонақ болып қатысты. Өз кезегінде келген қонақтар орталық тәрбиеленушілерінің әндеріне, билеген биіне, жатқа айтқан өлең шумақтарына, домбырамен тартқан күйлеріне риза болып, мекеме әкімшілігіне, мұғалімдерге, оқушыларға алғысын айтты. Оқушылар үйірмеде өздері қолдан жасаған гүлдерін аналарға сыйға тартты.
Мият Садырұлы,
Балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.