Правовые акты
39 ViewsОб утверждении состава Қазақстан Халық Кеңесі 22 сентября 2026 года В соответствии с подпунктом 1) статьи 5 Конституционного закона Республики Казахстан «О Қазақстан Халық…
Ақыртөбе шағын орталықты мектебі жанындағы асханадан екі ауысымда оқитын жағдайы төмен 89 бүлдіршін келіп тамақтанады. Мемлекет әр балаға 430 теңгеден қаражат бөліп қойған. Кәсіпкер Алмагүл Омарбекова тендрді жеңіп алған екен. Біз балалардың тамағының дәмділігіне, сапасына көңіл бөліп көрдік. Айтары жоқ, балалардың тамақтары өте дәмді, оны балалардың өздерінен де сұрап көрдік. Бала шіркін өтірік айтпайды ғой, дайындалған ас дәмді екен. Соған қарап, бас аспаз Айжан Оразымбетова мен оның көмекшісі Әсемай Мырзабековаға рахметімізді айттық.
Мемлекеттің осындай қамқорлығының арқасында алаңсыз тамақтанып, оқуларын жақсы оқып жүрген оқушыларды көріп бір марқайып қаласың. Өйткені біздің қоғамда ана мен балаға деген қамқорлық бірінші кезекте тұратынын ұмытпағанымыз жөн.
Сейсен Қожеке.
Суретте: бас аспаз Айжан Оразымбетова
бірінші ауысымдағы балаларды тамақтандыру үстінде.
Ақыртөбе шағын орталықты орта мектебі.