Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
«WorldSkills Құлан – 2020» чемпионаты
«Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген Елбасының қанатты сөзі бар. Ал, жастарға басымдылық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек. Осы пайыммен қарағанда мемлекеттер арасында екі жылда бір өтетін «WorldSkills» чемпионатының кәсібінен нәсіп іздеген жастарға берері өте мол. Осы бәсекеге 22 жасқа дейінгі студент жастар, тіпті білікті мамандар мен кәсіпкерлер, өндірістік оқыту шеберлері де қатыса алады. Дегенмен, бұл біріншілік Құлан агротехникалық жоғары колледжінде өтіп отырғандықтан чемпионатқа оқу орнындағы жеті бөлімнен 37 студент бәсекеге шықты.
Ветеринария, агрономия, дәнекерлеу технологиясы, сән технологиясы, аспаздық іс, электромонтаж, графикалық дизайн құзыреттіліктері бойынша жарысқа қатысушылар өз ісінің шебері және өз мамандығының шебері атағын қорғау үшін чемпионатқа алдын ала дайындықпен келді.Оларға Бірлік Тоғанбайұлы, Гүлзария Ибраева, Ғазиз Рахимов, Гүлмайра Рахманова, Мақсат Әденов, Бауыржан Ауғамбаев, Әдемі Бекназарова сынды білікті ұстаздар жетекшілік етеді.
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Әр бөлім студенттері өздеріне берілген тапсырманы ыждахаттылықпен әрі сапалы орындауға ден қойды. Біреуі зертханалық сараптамаға сүйенсе, екіншісі дәнекерлеу тәсілін неғұрлым мұқият атқаруға, үшіншісі өзінің ас даярлаудағы үйренгенін сарапшылардың алдына тіл үйіретіндей етіп әкелуге бар өнерін салды. Байқау нәтижесі де шығарылды. Төрешілер болашақ ветеринар Ерболат Айдаралыға, агроном Сезім Байболатоваға, дәнекерлеуші Антон Новичихинге, сәндеуші Айнұр Қыдырбаеваға, электромонтажшы Мұрат Тұрысбекке және дизайншы Антон Сидневке жоғары баға қойды. Олардың барлығы да өз ісінің шебері деген атақ алып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық жарысқа жолдама алды.
С.Қожеке.