Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан ардагерлері бас қосты. Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың қатысуымен өткен жиында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов сөз сөйлеп, елді ынтымақ-бірлікке шақыру жолындағы ақсақалдардың еңбегі ерен екенін атап өтті. Сондай-ақ, наурыз мерекесі қарсаңындағы бұл басқосудың мақсаты мен маңызына тоқталып, жағымды жаңалығымен бөлісті. Қаңтар айында қабылданған ережеге сәйкес ендігі жерде қоғамда өзіндік орны бар, елге, жерге еңбегі сіңген ақсақалдар ауданның «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталатыны айтылып, аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлына сөз берілді.
«Қай қоғамның болса да абыз ақсақалы, қазыналы қариясы, елдің сөзін сөйлейтін ағалары болады. Міне, біз осы ауданымыздың ел ағалары, ақсақалдарымен бас қосып отырмыз» деген аудан әкімі елдегі орын алған төтенше жағдайға байланысты мемлекет тарапынан барлық шаралар жасалып жатқанын сөз етті. Сондықтан да ауыл тұрғындары мазасыздыққа салынбай түсіністікпен қарауы керек. Ол үшін билік өкілдері де, ел ағалары мен ардагерлеріміз де халыққа қажетті ақпараттарды дер кезінде жеткізіп, жалған мәліметтерге сенбеуге, халық көп жиналатын жиындарды, той-томалақтарды тоқтата тұруы керектігін түсіндіруі тиіс. Аудан басшысы ардагерлерді осы істе белсенді болуға шақырды.
Жиын соңында Ерболат Салқынбекұлы аудан ардагерлерін жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтап, «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ, жиынға келген ардагерлердің бір тобын ауданның «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Өз кезегінде Бердіш Шахаров ақсақал мен Құлан ауылдық округі ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Тілеу Барлыбаев сөз алып, індеттің алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарға атсалысып, жұдырықтай жұмылуға дайын екендіктерін атап өтті. Елді Ұлыстың ұлы күнімен де құттықтап, ақ баталарын берді.
Мереке Ержанұлы.