Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жамбыл облысы әкімдігі дүниені дүрліктірген коронавирус індетіне байланысты аймақта азық-түлік бағаларының қымбаттамауын қадағалап, аудандарда жеңілдетілген бағамен өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын сату бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жайында тапсырма берген еді. Берілген тапсырма шеңберінде жергілікті ақтарушы билік өкілдері нақты қаракетке көшіп, жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл ретте баға тұрақтылығын қадағалау мақсатында аудандық қоғамдық штаб та құрылған болатын.
Сейсенбі күні қоғамдық штаб мүшелері үш топқа бөлініп, аудан орталығы Құлан және тұрғындар саны 10 мыңнан асатын Луговой ауылындағы ірі сауда орталықтарына бас сұғып, дүкен иелеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Штаб мүшелері дүкен қожайындарына жеңілдетілген бағамен өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын сату бойынша әлеуметтік тауарлар бағасының тізбесін таныстырып, пікірлесті. Өңірде тауар бағасының тұрақтылығын бағамдау мақсатында жеке кәсіпкерлер мен «Тараз ӘККҰК» АҚ-мен арнайы келісімшарт жасалғанында айта кетейік осы арада. Өз кезегінде кәсіпкерлерде бұл ұсыныстан бас тартпай, керісінше, қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Халықтың азық-түлік тауарларын қолжетімді бағада алуын, сондай-ақ, ауданда баға тұрақтылығын сақтау бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстар легі мұнымен шектелмей, алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Марат Жолдасбекұлы.