АВТОБУСТАР ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА

555 Views

Коронавирус дертінің алдын алу­ға бағытталған шараның бірі — қоғам­дық көліктерді дезинфекциялау бо­лып табылады. Құлан ауылы мен Луговой ауылы аралығына қатынайтын қо­ғам­дық көліктер «Құлан-логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (басшысы Қожахмет Дүйсембетов) қарайды.
Қазіргі таңда екі ауыл арасына 8 көлік бекітілген кестеге сай қатынау­да. Әр сағат сайын соңғы аялдамада ав­тобустарды дезинфекциялау жұмы­сы сапалы түрде жүргізілуде. Медбике Жанар Айдаралиева мен Қожахмет Дүйсембетов үш күннен бері қауіпті дерттің алдын алу мақсатында жо­лау­шылар көлігі тоқтайтын соңғы аял­дамада тұрып көлікті микробтарды өлтіруге арналған гидроерітіндімен залалсыздандыруда. Бұл жұмысқа жүргізушілер де жауапкершілікпен қарай бастады.
Серіктестік қызметшілері «Құлан-Әбілхайыр», «Құлан-Қайыңды», «Құлан-Қорағаты», «Құлан-Қызылшаруа», «Құлан-Көгершін» бағыттарындағы автокөліктерді де тұрақты түрде залалсыздандыру шара­ларын қолға алды. Олар барлық дезин­фекциялық құралдармен жеткілікті түрде қамтылған, бұл шараны қада­ғалауға жауапты мамандар бекітілген.

С.Қожеке.
Суретте: соңғы аялдамаға келіп тоқтаған автобусты «Құлан логистик» ЖШС-нің мамандары дезинфекциялау үстінде.

Поделиться ссылкой: