Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
25 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай электронды кітапхана ашылып, кітап оқуға, онымен дос болуға үлкен мүмкіндік жасалуда. Электронды кітапхананың мақсаты: оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту. Сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Заман өзгерген сайын құралдар да түрліше күйге еніп келеді. Қазіргі заманды компьютер, планшет, смартфонсыз елестету мүмкін емес. Электронды кітапханада әр түрлі жас ерекшелігіне байланысты жанрларда кітаптар жинақталған. Аталған тізімде 50 қазақ әдебиетінің, 40 орыс әдебиетінің, 10 әлем әдебиетінің классикасы қамтылған. Электронды кітаптарды оқушылармен қатар мұғалімдер, ата-аналар, қонақтар «QR» штрих код арқылы оқи алады. Ғұлама ақынымыз Абай Құнанбаевтың «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» — деген ұлағатты сөздерінен ерінбей кітап оқып оқушы санасын шыңдау басты міндетіміз. Зияткер тұлғаны тәрбиелеп, баланың бойында рухани патриоттық жалпыадамзаттық және этномәдениетті құндылықтарды сіңіру мектептің басты қағидаларының бірі болып табылады. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.
Г.Мамбетова,
Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің кітапханашысы.