Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

432 Views

Дәл қазір күллі дүние жүзі хал­қы қытай елінен бастау алған коро­на­ви­рус­тан сақтануды мейлінше күшейтіп, жұқ­палы аурудың салдарымен хал-қаді­рінше күресіп-ақ жатыр. Өкінішке орай, әлем елдеріне тараған коронавирус індетімен ауырғандар саны күн өткен сайын азаяма десек, керісінше өсіп барады. Өздеріңіз жаңалықтардан көріп, газеттерден оқып та отырған болар­сыздар, аталмыш індетті жұқ­тырған отандастарымыз да жоқ емес, бар. Халықты әуре-сарсаңға салған жұқпалы дерт турасында Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев елге төтенше жағдай енгізді. Сондай-ақ, ел Президенті шұғыл түрде респуб­ли­калық телеарналарға тікелей байла­нысқа шы­ғып, халыққа Үндеу жария­ла­ды. «Құрметті отандастар! Біз – тарихы­мыз­да небір қиындықты бастан өткерген халық­пыз. Сол сынақтардан, ең алдымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз біргеміз!» деді өз Үндеуінде Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Шындығында да, Мемлекет бас­шысы сөз еткендей, қарға тамырлы қа­зақ халқы нендей жағдайды бастан өт­керсе де, тонның ішкі бауындай ұйыс­қан берекелі бірлігі мен мыз­ғы­мас татулығының арқасында ол қиын­дықтарды еңсере білген. Сондықтан бұған алаңдаудың, абыржудың еш реті жоқ. Қазақ халқы бұл қиындықтан да аман шығады. Себебі, біз, Жұбан Молдағалиев жырлағандай, «мың өліп, мың тірілген» рухты халықпыз.
Ел аумағында төтенше жағдай ен­гі­зіл­гендіктен аудандық атқарушы би­­лік өкілдері барша аудан халқына алыс жолға шықпауға кеңес береді. Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов тіпті халық көп шоғырланатын орындар мен мекемелерді жіті назарда бақылап, жұқпалы індеттен сақтанудың шара­ларын күшейту қажеттігін тап­сырды.
Берілген тапсырмаға сәйкес өткен сей­сенбіде аудан басшысы Ерболат Сал­қынбекұлы тұрғындар көптеп ке­ле­­тін «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы ком­мер­­циялық емес акционерлік қоға­мының Жамбыл облысы бойынша фи­лиалы Халыққа қызмет көрсету орта­лығының Тұрар Рысқұлов ауда­нының бөлімшесі» мекемесінде бо­лып, жасалып жатқан қауіпсіздік шара­ла­рының ұйымдастырылуымен та­нысты. Әңгімелесу барысында аудандық ха­лыққа қызмет көрсету орталығына тұр­ғындар көптеп келетіндіктен аудан басшысы мынадай сөз қозғады. Яғни, Ерболат Садырқұлов тұрғындар өздеріне қажетті түрлі санаттағы анықтамалар мен құжаттарға ауылдық округтерде ашылған «Цифрландырылған орта­лықтар» жұмысы арқылы қол жеткізе алатындықтарын айтып, халыққа ақпа­раттық технология мүмкіндіктерін тү­сіндіру шараларын күшейтуді тап­сырды. Тазалық пен тәртіп, сонымен қатар, халықтың санитарлық ережеге бағынуын бақылауды, ғимаратқа кіру рет­тілігін ұйымдастыруды мекеме бас­шысына нықтап қадағалауды жүк­теді. Халықтың қауіпсіздігі басты на­зарда екенін тілге тиек еткен Ерболат Сал­қынбекұлы айшықты ақпараттар бар­лық әлеуметтік желілер мен аудандық ба­сы­лым бетінде жарық көріп отыру қажеттігін айтып, тиісті сала бас­шы­ла­ры­на тапсырма берді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: