Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Коронавирус белгілері:
• дене қызуының көтерілуі;
• тұмау;
• бас ауруы;
• жөтел;
• тамақ ауруы;
• әлсіздік;
• іш өту.
* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.
Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.
Диагностика
Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:
• қан анализін;
• несеп анализін;
• лаборатория зерттеулерін;
• ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.
Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Инфекцияның берілу жолдары:
• көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
• тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу);
Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.
Профилактика шаралары:
– қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, сабын болмаса, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану;
– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
– бөлмені желдету;
– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
– тыныс алу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау;
– коронавирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
– адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу.