Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Алаш аман болсын!
Әлемді шарлап, талайдың өмірін жалмап жатқан коронавирус Қазақстанды да сырт айналып өтпеді. Дерт жамағандар өз арамыздан да шықты. Алайда осынау қатерлі шақта көп қазақ бейқам екені байқалады. Демалыс кезінде ағайын-туысты жағалап қайтуды ойлаған, күні ертең өткізгелі отырған тойын уайымдаған, көшелерде, адам көп жиналатын жерлерде қаннен-қаперсіз, маскасыз ағылып жүрген жұрт. Тіпті, «көзім көрмей сенбеймін» деп, ірге жағалап, жан-жаққа жайылып келе жатқан індетті жалған сөз санап, күлкіге айналдырушылар да жоқ емес…
Кезінде, Абай заманында қала ішін жұкпалы оба ауруы жайлапты. Сол кезде өлім-жітімнің көптігіне қарамастан көп қазақ сақтану дегенді ескермеген. Бейқамдық танытқан. Осы уакытта халыктын қамын ойлаған ұлы ақын білімдар жандар арқылы ел ішіне ақыл сөзін таратады, өзі де көптіц басын құрап, халықты сақтануға шақырады. Соның арқасында жұрт бейқам жүрістен тыйылған. Бұл жайында әйгілі «Абай жолының» IV томының «Түн-түнекте» атты тарауында жазылған. Біз сол тараудан үзінділер алып, ықшамдап ұсынып отырмыз.
…Түнде Абай келгенін білгеннен бері қарай сол Бестіқырттың ішін жарғандай, шыдатпай жүрген бір сөз болатын.
– Ал, Абай, елдің амандығын айттың. Жә, енді өзің қаланың жамандығын есіттің бе? -деп, бір оқыс жайды көлденең қойып қалды.
Бірақ әкелі-балалы Жұман мен Мұқаметжан жарыса сөйлеп, киіп кетісті.
– Бұл қалаға жаман науқас кепті!
– Құдай ұрған іш ауруы!
– Ар жақ-бер жактан күнде әлденеше адам өліп жатыр!
– Мәлік келгендей! Шыбындай қырылып жатыр!
– Аты не дейді! Адам естімеген қу науқас бір. Жұрт қашып жатыр қаладан! — деп ол екеуі бір тоқтап еді.
Дәмежан бұл сөзге бас изеп қостап отыр.
– Осы ауруға ашыққан үйлер мен ауыр жұмыстан жаншылып, бейнет басып кеткен еркек, әйел тез ұшырайтын тәрізді. Оның үстіне біреуден біреуге жұғады дейді. Әйтеуір осы қатарымыз құймалас көршілеріміз, бес-алты үйіміз әзірше аман тұр. Соны шүкірлік етіп, балаларды да ешқайда шығармай, көп жандарға қатыспай, қолдан келгенше қымтанып қана отырған жайымыз бар, -деді.
Осы кезде бұлардың үстіне Баймағамбетке бастатып Федор Иванович Павлов келіп кірді.
Федор Иванович әуелі Абайға тек науқас жайын айтты. Өзі аса қауіпті, жұқпалы ауру — ел таңдамайды. Баржұртқа ортақ апат. Бұрын да, қазір де ең әуелі Индиядан шығыпты. Содан Россияны, Европаны, Англияны, Қытайды, Жапонияны, тіпті Солтүстік Американы да аралап кеткен екен.
Содан кейін айтқаны: қазақ халқының жайы. Бұл ел өлімді аса зор ықыласпен күтеді екен. Біреу өлсе, соның үйіне жаназаға көп кісі жиылады. Жаңа ғана өлім шыққан үйге тегіс кіріседі, онда көбінше ас ішеді. Осының бәрі қазір Слободкадағы қазақ халқының арасына мынау жаман ауруды аса шапшаң таратып отыр.
-Ибрагим Кунанбаевич, ең ақырда Сашамен екеуміздің сіз бен Баймағамбетке айтатын бұйрығымыз бар. Мүмкіншілігі болса, халыққа сөзі жететін адамдар арқылы, жаңағы мен алғаш айтқан жайларды қаладағы қазақ халқына жеткізуге тырысыңыз! — деді.
…Сол күні кешке Баймағамбетті жұмсап, өзі отырған үлкен кең бөлмеге Слободканың бір білікті адамы Сармолланы шақырып алды. Сармолла тегі өз үйінде бір топ балаларды, жастау шәкірттерді өз бетімен оқытып жүрген бір ұстаз екен.
Абай бұған: -Тым құрса мешітке намазға жығылатын адамдарға, тіпті болмаса жұма күні хұтпа соңынан махалла халқына өсиет айтыныз! — деді. Осы жұқпалы аурудан сақтану үшін жаназаны, хатімді, асты басқаша жүргізу керек, аз адаммен өткізу дұрыс деңіз! — деді…. Сонымен, бүгін жұма күні мешітке дәл осы жолғы жұма намазына жиылған жұрт өзгеше көп болды. Ауыр каза, қайғы-қауіпке түскен халықтың обадай науқастан үріккені сонша, қазіргі күндерде не болса соған сеніп, не болса содан ем, лаж күтіп тұрған шақ. Саңылау сезілген әр жаққа түртінеді. Кей топтардың үміті мешітке ауады.
Жаңа хазірет түскен мінберге енді жылдам басып, ажарлы жүзін халыққа қаратып, Сармолла шықты.
Осыдан соң халыққа ұғымды, көбінше қазақша тілмен сөйледі.
– Сақтаныңыздар! Бұл оба деген қазадан, ауыр дерттен тек қана сақтанумен аман қалуға болады.
Қаза болған адам үйіне, жаназаға мүмкін қадырынша халық аз жиналсын. Мәйіт шықан үйге көп адам келіп-кету болмасын. Ол ас ішу, көп халыққа тағам тараттыру, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқтатылсын! Жаназаға, хатімге көп молда, мәзіндер, халфелер, шәкірттер шақырылмасын! Бір ғана дін ұстазы, тілесе хазірет те, халфе ме, басқа молда ма, барсын да, бір адам жаназа шығарсын.
Және мағлұм болсын, бұл айтылған мынау фәләкәт тұсындағы қамқорлық, достық сөз менің өзім ғана айтқан, Сармолла тарапынан ғана шыққан сөз емес. Слободка халқына мәслихатты айтушы қазақ халқының қамқор қос адамдары. Солардың ішінде, халайық, сіздін ең жақын камкорыңыз және білгіш, акын досыныз Абай деп біліңіз!
Мінбердің маңында тұрған мәзіндерге халықтың дабырлап айтып бара жатқан сөздері естіліп тұр.
– Бәрекелде, Сармолла!
– Анық халыққа жаны ашыған сөз осынікі.
… Ауыр апат» дегенді ести жүрсе де. жаяу базар бұрынғыдай. Абай талайдан бұл базарға келген, көрген емес еді. Кең алаңға созылған, құмы қалын жаяу базар майданы қазірде де халыққа лық толы екен. …Саудагерлердің өздері бастаған оба науқасы жайы енді Абайдың да сөйлеуіне жетекші болды. Жақын мандағы аттылы-жаяу, арбалы жүрген казақ ноғайдың, еркек-әйелдердің бірталайы оралып кеп, сөз тықдай бастады. Абай әуелі обадан сақтанудың ел үшін аса қажет екенін айтты. Ол: «Жаназаны тек халфе, қария, молда, мәзін ғана шығарсын деген шариғат жоқ. Әрбір мұсылманның дұға, намазды білетін аз оқыған адамы да жаназаны шығаруға болады», — деді. Соған қоса: «Өліктің үйі ішінде өз жақыны жаназа шығара білсе, ондайларда молдаларды шақыртпай, мешіт, медресені мазаламай, жаназа шығара, құран аудара, хатім қыла берсін!» — деді.
Ол өзі ашық, білім қасиетіне сүйенген адам боп ашыла бастады. Сол себепті тазалықты қатты айтады.
Бүгін Абайдың үлкен қала базарына алғаш бару сапарында бастап айтқан сөзі осы еді. Келесі күні Слободка жаққа өтіп шықты. Осыдан тағы бір жұмадай уақыт өткенде Абай ар жақ пен бер жақтың базарларына күнде барады. Күніне кем қойса қырық-елу кісіге өз ойларын, қамқор сөзін айтудан тартынған жоқ.
Соның орайына Сармолла айтты деген сөз енді азайып, халыққа «аурудан сактан» деген сөзді Абай айтыпты -деп қала қазағына мол аңыз тарады. Август айының алғашқы жұмасында осындай лақап түгел жетіп болған ар жақ пен бер жақтың халқы енді басқа қалыпқа келді.
(М.Әуезов. «Абай жолы». IVтом.
«Түн-түнекте» тарауынан). Мақала «Қазақ әдебиеті» газетінен алынды.