ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

517 Views

Мемлекет басшысының мәлімдемесіне үн қосамыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөнін­дегі» мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзі дағдарыс жағдайында өмір сүріп отырған еліміздің еңсесін бір көтеріп тастады. Өйткені, комиссия өте ауқымды жұмыс жасады. Әсіресе, халықтың денсаулығын қор­ғау, табысын көтеру мен бизнеске қолдау көрсе­туге зор ықпал жасады. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия деп қайта құру – бұл ел болашағын ойлағандықтың айқын көрінісі дер едім.
Иә, індет толығымен жойылып біткен жоқ. Сондықтан пандемияның жұрттың денсаулығына әлі де қауіпті екенін естен шығармауымыз керек. Карантин жағдайында болған кезде көп­те­ген жұмыс орындары жабылып қалды. Бұл экономи­камызға әжептәуір салқынын тигізіп өтті. Мен өзім аудандық Қоғамдық кеңесті басқарып отыр­ған­дықтан елдегі жағдайды жақсы білемін. Оның үстіне бизнестің алға баспай тоқырап тұрып қалуы ел экономикасына айтарлықтай зиянын тигізетінін де жақсы түсінемін. Көптеген тиым шараларының алынып тасталғаны, бірінші күннен-ақ, бір миллионнан астам адамның жұмысқа шығуы бұл шынында жақсылықтың нышаны ғой. Лайым, солай болғай. Қазақ айтады ғой: «Аурудың жаманы кетеді» деп, ендеше жұмыла көтерсек жүгіміз жеңілдейтінін де ұмытпайық, ағайын. Мемлекет басшысының елдегі орын алған жағдайға байланысты жасаған мәлімдемесі дәл уақтысында жасалған шара деп ойлаймын.
Сондықтан біздің бірлігіміз бекем болсын. Осыған дейін де талай сынақтан өттік қой, бұл қиындықты да еңсереміз.

П.Сүлейменов,
аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.

Поделиться ссылкой: