Сыннан сүрінбей өтеміз

697 Views

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиясының отырысында сөз сөйледі. Ел Президенті мемле­кеті­міздегі соңғы екі ай ішінде болған жағдайлар мен өзгерістер жөнінде кеңінен тоқталып өтті. «Қазір елімізде шешілуі керек ең басты мәселе келесідей. Қазіргі ахуал жағдайында азаматтарды жұмыспен қамту, экономикалық тиімділікті арттыру, азаматтардың табысы, өмірі мен денсаулығын сақтау, бизнесті қолдау және дамыту болып табылады. Жақын арада осындай өзекті мәселелерді шешу қажеттілік етеді» — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Төтенше жағдай режимі енгізілген уақыт­тан бүгінгі күнге дейін бірқатар шешімдер қабыл­данып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Елбасының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай режимінен зардап көрген бірқатар азаматтарға азық-түлік себеттері, 42 500 теңге көлемінде қаржылай көмек, коммуналдық төлемдер бойынша қосымша көмек, несиені төлеуді шегеру сынды жұмыстар атқарылды. Қазір әлем сарапшылары жаһан экономикасы соңғы 3 ай ішінде болмаған деңгейге төмендейтінін болжап отыр. Еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығы табысынан айырылады. Бұндай жағдайларға қарамастан, мемлекетіміз бірқатар басымдықтары бар, яғни бізде қаржы резерві жеткілікті. Ендігі мәселе дағдарыс кезіндегі еліміздің дамуы болып отыр. Экономиканы дамытудың қуатты өсу факторларының бірі болып, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау (қолжетімді баспана салу) болуы тиіс. Елбасы бастамасымен бастау алған «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық кредит беру және үй құрылысы мәселесіне үлкен серпін берді. Кредиттік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешу үшін жаңа жоба іске қосылатын болады. «5-10-20» жобасына бұл мақсаттарға 390 млрд. теңге қаражат бағытталады. Биылғы жылы 15 млн. шаршы метр немесе 150 мың пәтер мен үй құрылысын салу жоспарланған. Біздің азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыру маңызды болып табылады. Іс жүзінде бұл Үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Сонымен қатар ұлттық бизнесті қолдау, яғни сұраныстың төмендеуі жағдайында нарықтық құнының төмендету, активтер мен кепілдерге «Даму» қорының кредиттерге кепілдік беру құралдарын пайдалану аса маңызды. Айналым қаражатын кредиттеу бойынша Ұлттық Банк Қорының бағдарламасы шеңберінде кепілдік берілетін заемдарға таратылады. Айта кетейік, оның көлемі 600 млрд. теңгені құрайды және қажет болған кезде көбейтілетін болады. Онымен қоса банктердің экономиканы несиелендіру мүмкіндігін кеңітетін уақытша кешенді шаралар әзірленуде. Осыған байланысты «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын бизнес үшін арнайы шаралар көзделетін болады. Қазіргі уақытта бизнесті дамытуға арналған, сонымен қатар экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге жоспар әзірленіп жатыр. Кез келген сипаттағы төтенше жағдайларға ден қойып, тез бейімделу керек. Мемлекет экономикасын және қоғам­ның барлық процестерін цифрландыруға жаңа серпін беру маңызды болып келеді. «Береке көзі – бірлікте» демекші, бірге болсақ, барлық қиын­дықтарды жеңіп, осы бір күрделі кезеңдегі сынақ­тардан сүрінбей өтетінімізге кәміл сенемін.

Ә.Мырқасымов,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің
аға инспекторы, «Jas Otan» Жастар Қанатының басшысы.

Поделиться ссылкой: