ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

659 Views

«Дипломмен – ауылға» жобасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас­та­масы бойынша дүниеге келді. «Ауылды тұрғылықты пункттерінде әлеу­мет­тік салалардың қызметкерлерін ынта­ландыру және әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Онда әр саладағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары берілген. Мамандар ауылдық жерлерде кемінде үш жыл жұмыс істеуі қажет. Олар ауылдық өңірлерге өмір сүру үшін және жұмыс істеу үшін қалалардан және басқа да жерлерден келген. Ауылдағы білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және өнер саласына, сондай-ақ, мал дәрігері мамандары мен спорт саласының мамандарына 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 100 АЕК (277800 теңге) көлемінде көтерме ақы бір жолғы жәрдемақы төлеу,1500 АЕК (4167000 теңге) көлемінде 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жыл мерзімге арналған тұрғын үй алуға және құрылысы үшін бөджеттік несие әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
10 жыл ішінде Тұрар Рысқұлов ауданында 484 маманға 69,2 миллион теңгеге көтерме жәрдемақы берілген. Ал, 217 адамға жалпы сомасы 662,7 миллион теңгеге тұрғын үй алуға бюд­жеттік несие берілді. Осы жоба бойынша 169 білім беру саласының, 26 денсаулық сақтау, 6 спорт, 7 агроөнерқәсіп және 9 мәдениет саласының мамандары қамтылды.
2019 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 42 маманға 159075,0 мың теңге көлемінде несие, 81 маманға 14922,8 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. Ал, 2020 жылдың басынан бері алты маман бағдарлама бойынша тұрғын үйді сатып алуға несие алса, 12 маман көтерме жәрдемақы алуға құжаттарын тапсырды.
2019 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының орындалуы бойынша облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен ауданның мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, бірнеше мәселелер талқыланып, Ұлттық эко­номика министрлігіне «Дипломмен ауыл­ға» бағдарламасы бойынша ұсы­ныстар жолданды.
Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің ма­мандары 2019 жылы ауданның 5 елді ме­кенінде өткен «Ашық мемлекет» атты мем­лекеттік көрсетілетін қызметтер жәр­меңкесіне қатысып, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында әлеу­мет­тік қолдау шараларын алу бойынша та­лаптарымен таныстыру және тү­сіндіру жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың мамыр айында аудан­дық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастырған «Онлайн-ке­ңеске» экономика және бюджетті жос­парлау бөлімінің жауапты маманы қатысып, «Дипломмен-ауылға» бағ­дарламасы бойынша жастар қызы­ғушылық тудырған сұрақтарға жауап берді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Өйткені елді дағдарыс кезінде асырайтын ауыл. Ал, ауыл­да жұмыс болу үшін, ол қаланы асы­рай алу үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожа­лықтарын қайта қауымдастырып, бірік­тіруі қажет»-деген еді. Шынында да, өздеріне қажетті білімді игерген бүгінгі жастар оны ауылдың кемел келешегіне жұмсаса еліміздің болашағы жарқын, ал, жастарымыздың еңбегі еш кетпейді деген үміттеміз.

Л.Сапарбекова,
аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысы.

Поделиться ссылкой: