Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
дейді аудан әкімі Ерболат Садырқұлов
Жұмыс алгоритміне сәйкес аудан әкімі Ерболат Садырқұлов «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істің жай-жапсарын қадағалау мақсатымен апта басында Өрнек ауылдық округіне барды. Өрнек ауылдық округіне қарасты 4 елді мекен бар. Олар: Жарлысу, Әбжапар, Сәлімбай және Сұмқайты ауылдары. Өрнек ауылдық округінде табиғи газ мәселесі негізінен шешілген. Ал, ауыз су мұнда ең өзекті тақырыптың бірі екені рас. Естеріңізде болса, Әбжапар ауылындағы ауыз су мәселесі «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында көтерілген болатын. Биыл осы екі ауылдағы ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.
Енді құрылыс жұмысының сапасы қандай? Құрылысты жүргізетін мердігер компаниялар жауапкершілікті жете түсіне ме? Әңгімелесу барысында аудан басшысы осы тақылеттес сұрақтарға баса назар аударды. Жарлысудағы құрылыс жұмысы тым баяу жүргізілуде. Ал, Әбжапар ауылындағы жұмыстың сапасы мардымсыз екені көзге ұрып тұр. Сонда талай жыл бойы аңсап күткен ауыз судың берекесі қашып тұрғаны ма? Ерболат Садырқұлов Әбжапар ауылына су құбыры жүйесін жүргізіп жатқан мердігер компанияның жұмысын қатты сынға алып, олардың жұмысын қадағалауды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Дауытбековке жүктеді. Бұдан соң Ерболат Салқынбекұлы ауылдық округке қарасты елді мекендердегі мектептер мен көшелерді аралап көрді. Ең өкініштісі Өрнек ауылдық округіндегі көшелер «Алдардың шапанындай» шұрық тесік. Ауыл әкімі Бауыржан Ақүрпековтің сөзінше жол мәселесі жыл сайын кезегімен реттелу үстінде екен. Ал, ауылдық округке қарасты елді мекендердегі білім ошақтарының сыртқы және ішкі келбеті келіскен-ақ. Ол — ақиқат. Әбжапар елді мекеніндегі № 4 шағын орталықты орта мектептің ғимараты 2016 жылы пайдалануға берілген, әлі де жаңа. Жарлысудағы Айтқұл Шынәсілов атындағы шағын орталықты орта мектеп те аудандағы көркі келіскен білім ошағының бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл ауылдық округтегі мектептердің де ішіне әжетхана орналастыру жұмыстары жүріп жатыр. Өрнек ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға да биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басында ауылдық округ пен аудан әкімінің халық алдында бірлесіп өткізген есепті жиналысында Сәлімбай ауылына таза ауыз су жүйесін жүргізу, Өрнекке мәдениет үйі мен балалар бақшасын салу секілді өзекті мәселелер сөз болған еді. Аудан әкімімен өрбіген әңгіме барысында ауыл ақсақалдары осы сұрақтарды тағы да көтерді. Ойлап қарасаңыз, Гүлмира Ақүрпекова сияқты есімі елімізге танымал күміс көмей әншінің туған ауылында: «Мәдениет ошағы жоқ» дегенге кім сенеді. Ал, Өрнекке мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балалар бақшасын салуға бір жеке кәсіпкер келісімін беріп отырған көрінеді. Алайда, құрылысты бастауға келгенде жер мәселесі жөнінен кедергілер пайда болыпты. Бұл мәселені жеделдетіп шешу үшін аудан басшысы жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.
Ерболат Салқынбекұлы аймақ тұрғындары тарапынан бұдан өзге де қойылған сұрақтардың барлығын бақылауға алып, алдағы уақытта оларды рет-ретімен шешуге болатынын нақты мысалдарды алға тарта отырып айтып берді.
Марат Диханбай.