Шоқ тілді Шона
33 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Өткен сейсенбіде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті елу бесінші сессиясы болып өтті. Аудандық мәслихат депутаты Серік Дәлібаевтың төрағалығымен өткен сессия отырысына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия отырысында аудан әкімдігі білім бөлімінің 2019-2020 жылы атқарған жұмысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Самылтыров баяндама жасады. Баяндамашы: -Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 39 мектеп бар. Оның 28-і орта, үшеуі негізгі, сегізі бастауыш білім беру ошақтары. Қазір аудан бойынша 14 550 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында 610 оқушы мектеп бітіреді. Олардың ішінде «Алтын белгі» төсбелгісіне 40, үздік аттестатқа 24 оқушы ие болды. 2019-2020 оқу жылында барлық білім беру мекемелерінде іс-шаралар тиісті деңгейде ұйымдастырылды, — деді.
Біз бұған дейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданымыздағы бірқатар мектепке күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жазған едік. Бауыржан Самылтыров баяндамасында мектептердегі жөндеу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысына да тоқталып өтті. Ерболат Садырқұлов осы жерде құрылыстың сапасына баса көңіл аудару қажеттігін ескертті.
Құрылыс жұмыстарына қыруар қаражат бөліп жүйелі жұмыс жасағанымызбен, сапа мәселесіне келгенде көптеген кемшіліктердің орын алатынын сессия барысында аудандық мәслихаттың депутаттары Қадірбек Құлбарақов пен Сәтжан Мамырбаев баса айтты. Осы мәселеге байланысты айтылған мәслихат депутаттарының сын-ескертпелері ескеріліп, назарға алынды.
Сессия талқыланған мәселе бойынша шешім қабылдады.
Марат Аятберген.