Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

283 Views

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов сейсенбі күні мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді. Ерболат Салқынбекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының салиқалы саясатын жүзеге асыруға қосқан сала қызметкерлерінің еңбегі зор екеніне айрықша тоқталып өтті.
Содан соң аудан басшысы ел игілі жолында барын салып қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Жиын барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілерге облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен қатар алғыс хаттары табыс етілді.
Бұдан бөлек, қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі тоғызқұмалақтан онлайн түрде қашықтықтан ұйымдастырылған жарыста жүлдегер атанған бірқатар мемлекеттік қызметшілерге де алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Жиын соңында аудан әкімінің аппарат басшысы Әлібек Терлікбаев, Абай ауылдық округінің әкімі Мұратбек Арыстанбеков және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева мінбеге көтеріліп, әріптестерін мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: