Қарт ананы құттықтады
26 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі аралықта елімізде көптеген құрылымдық өзгерістер жүзеге асып, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Алайда, келешекке сенімді қадам жасау әлі де өзекті екені белгілі. 2020 жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфирде көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратты.
Жолдауда алға қойылған міндеттер мен мақсаттар бүгінгі күнге дейін атқарылған іргелі істердің заңды жалғасы болып табылады. Мемлекет басшысының Жолдауы белгілі бір мерзімді қамтитын стратегиялық сипатқа ие. Бұл құжатта ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралар кеңінен қамтылған. Әлемдік деңгейдегі жаңа жаһандық талаптарды назарға ала отырып, қазіргі кездегі халықтың ішкі әлеуетін күшейте түсу кезек күттірмейтін мәселе деуге де болады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді.
Президент Жолдауы жан-жақты, онда еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керектігі айтылды. Маңызды құжатта әсіресе халықтың әлеуметтік тұсына мән берілгені қуантады. Жер шетелдіктерге сатылмайды, жаңадан министрлік құрылады, шенеуніктердің саны қысқарады, келесі жылдан бастап тұрғын үй алу, емделу мен білім алу мақсатында азаматтар зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін пайдалана алатыны, ауыл әкімдерін халық сайлайтыны, олардың өз бюджеті болатыны жөніндегі келелі пікірлері көңілімізден шығып отыр.
Жолдауда ерекше жағдайда басталған жаңа оқу жылына дайындық жайлы да өткір мәселе қаузалды. Шын мәнісінде, осы күнге дейін бірыңғай оқу платформасының жоқ екендігін айтып, олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Бұл мектеп қабырғасында ғана емес, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында да бар мәселе. Мемлекет басшысы өте орынды әрі дер кезінде тапсырды деп есептеймін. Президент білімнің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы мен денсаулық сақтау саласын дамыту жайында айта келіп, отбасылық-демографиялық жағдайына және балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.
Мұғалімдердің жалақысы көтерілетіні де айтылды. Келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көбейеді. Бұл ұстаздар қауымына көрсетіліп отырған мемлекеттік қамқорлық .
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы еліміздің саяси ахуалы ғана емес, экономикалық және әлеуметтік өсуі мен әрбір азаматтың өмірін жақсарту сынды мемлекет дамуына негіз болатын маңызды мәселелерді арқау етті. Осының бәрі әр азаматтың күш-жігеріне, іске деген жауапкершілігіне байланысты екені анық айтылды.
Себебі, біздің мақсатымыз айқын, межеміз белгілі. Осы орайда «Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз,»– деген Мемлекет басшысы келешекке деген сенім ұялатты.
Мен әріптестерімді, ұстаздар қауымын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген қағидатының бүгінгі күні де өзекті екендігін ескере отырып, Президент тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға шақырамын.
Г. Жамалбекова,
аудан әкімдігі білім бөлімінің тарих, география пәнінің әдіскері.