Мұғалімдерге қолдау арта түспек

401 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қа­зақстан: іс-қимыл кезеңі» деген тақы­рыппен халыққа жолдаған Жол­дауын зор ықыласпен ел қатарлы тың­дап, жақсылап танысып шықтым. Шын­ды­ғын айту керек, ел Президентінің кезекті Жолдауында жылдағы дәстүрге сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қамтылған екен. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті дамыту, дәрігерлерге деген әлеуметтек қолдаулар, ауыл­ша­руа­шылығын ал­шаң бастыру сынды ойы мен орамы түйіндеулі тұрған мәселелерді шешу жолдары Жолдауда анық әрі айқын көрсетілген. Сонымен қатар, мұға­лімдерге арналған қолдаулардың кө­лемі артқандығы менің көңілімнен шық­ты. Бұған дейін де мұғалімдерге қа­тысты мәселелер төңірегінде оң­тайлы шешімдер қабылдап жүрген Қасым-Жомарт Кемелұлы ұстаздар жала­қысының тағы да 25 пайызға арта­­тындығын мәлімдеді. Бұл қадам қа­зіргі қиын кезеңде ешнәрсеге қара­май, күш-жігерін аямай, бар уақытын шәкірт тәрбиелеуге арнап жүрген мұғалімдердің жұмысына ерекше сер­пін берері айдан анық. Сондай-ақ, Президенттің білім берумен қатар ғылым саласын дамыту, мектепке де­йінгі балаларға арналған шаралардың көле­мін арттыру, отандық ғалымдардың санын көбейту мақсатында 1000 жуық грант бөлу сынды бастамалары ойға қонымды дүниелер деп есептеймін.
Мемлекет басшының осы жолы жол­даған Жолдауы да жоспарлы түрде орындалып, өз нәтижесін береріне кәміл сенімдімін. Ол үшін бәрімізге күш біріктіріп, Жолдауды қолдау қажет.
Ендеше, құрметті отандастар! Мен сіздерді жарқын болашаққа қол жеткізу үшін бірлікке бекем болып, аянбай қызмет етуге шақырамын.

Е. ҚАЙПЫЛДАЕВ,
№2 шағын орталықты орта мектебінің директоры.

Поделиться ссылкой: