Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап енгізілді жəне Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған азаматтарының жынысына, жасына, əлеуметтік дəрежесіне, тұрғылықты жеріне жəне табысына қарамастан медициналық жəне дəрілік көмекке тең қол жетімділікке кепілдік береді.
Медициналық сақтандыру түрлері:
Ерікті түрдегі сақтандыру
Міндетті түрдегі сақтандыру
Міндетті түрдегі сақтандыру дегеніміз – төтенше жағдай болғанда, мемлекеттің тарапынан ұйымдастырылған сақтандырылушыларға тегін медииналық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік сақтандыру түрі.
Ерікті түрдегі медициналық сақтандыру — сақтандырудың ең перспективалы түрі болып табылады. Қазіргі заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда ақысыз медицинаға көп адамдар жүгіне бермейтіндіктен ең бірінші орынға осы еркін түрдегі медициналық сақтандыру кіреді,себебі ол сапалы қызмет көрсетудің кепілі болып табылады.
Сізге МӘМС не береді?
1) Қол жетімді емделуді
Сіз кез-келген, өзіңіздің таңдауыңыз бойынша, мемлекеттік немесе жеке медициналық көмек алуға құқылысыз. Сізге МӘМС пакеті аясындағы дәрігердің қабылдауынан терең тексерулер мен қымбат тұратын операцияларға дейін барлық қызметтер көрсетіледі. Олар бойынша шығынды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.
2) Сапалы медициналық көмек.
Әрбір клиника Сізге жоғары білікті қөмек көрсетуге мүдделі. Өйткені, ауруханалар мен емханалар МӘМС пакетіне енетін сапалы қызмет көрсеткені үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша алатын болады.
3) Тегін және қол жетімді дәрілер
Сіз аурулар түрі бойынша мемлекет белгілеген тегін дәрілік заттарды алуға құқылысыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дәріханалар қызметіне ақы төлеуді өз міндетіне алады.
4) Сіздің құқықтарыңызбен міндеттеріңізді қорғау.
Егер Сіз емдеуден бас тартуға немесе сапасы нашар қызметке кездессеңіз, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгініңіз, ол Сізді қорғап, Сіздің мүдделеріңізді жақтайтын болады.
5) Өз денсаулығыңыз туралы толық ақпарат Денсаулық сақтаудың жаңа электрондық жүйесі жасалады, оның аясында Сіз жеке кабинетке ие боласыз.
Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады. Бұл әлемдік тәжірибеде дәлелденген.
Г.Үкібаева,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары.