Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасыменен соңғы жылдары ішкі істер саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Одан бөлек қыруар қаражат жұмсалып, құқық қорғау саласының кем-кетігі қалыпқа келе жатқанын айрықша атап өтуге болады. Мәселен, қазіргі таңда мамандар қағазбастылықтан толықтай арылмаса да, цифрландыру жүйесі арқылы бірқатар мәселелер өз шешімін табуда. Сондай-ақ, учаскелік инспекторлардың жұмысын жақсарту мақсатында да көптеген істер атқарылып жатқаны баршамызға мәлім.
Жуырда Мемлекет басшысы өз Жолдауында учаскелік инспекторларға қатысты тағы бір ауқымды мәселені орынды көтерді. Ол — аймақтық инспекторлардың мәртебесін арттыру болатын. «Барлық озық елдерде полиция институты сервистік модель негізінде дамып келеді. Біз де мұндай үлгіге көшетінімізді мәлімдедік. Бірақ жұмыс барысында аз ғана нәтижеге қол жеткізілді. «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған орай учаскелік инспектордың рөліне баса мән берілетін болады. Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Ол азаматтар алдында танымал, қолжетімді әрі беделді болуға, солардың құқықтарын қорғауға тиіс» деп көптің көкейінде жүрген мәселені қозғады. Президент осылайша құқық қорғау саласындағы жауапты мамандарға маңызды тапсырмалар жүктеді. Менің ойымша бұл қадам сала жұмысын оңтайландыруға көп септігін тигізуі тиіс.
Сонымен қатар ел Президенті халыққа жолдаған Жолдауында құқық қорғау қызметкерлерін жұртпен ашық әңгіме жүргізуге, қарапайым халықпен тығыз қарым-қатнаста болуға үйретудің маңызы зор екендігін алға тартты. Бұл бағыт бойынша кадрларды даярлау және іріктеу жүйесіне басымдық беру керектігін қадап айтты.
Біздің жұмыста бейнебақылау жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан болар Қасым-Жомарт Кемелұлы бейнебақылау жүйесін дамыту жөнінде де сөз қозғады. Нәтижесінде алдағы уақытта түзеу мекемелеріне және полицияның қызметтік ғимараттарына жаппай бейнебақылау орнатуды тапсырды.
Биылғы Жолдаудың бізге жүктеген міндеттері өте көп. Оларды орындау – баршамызға ортақ міндет деп білемін. Сондықтан да мен өз әріптестерімді мемлекет басшыларының бізге деген сенімін ақтап, нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын.
Дәулет ТЕРЛІКБАЕВ,
Абай ауылының учаскелік инспекторы, полиция капитаны.