Шоқ тілді Шона
19 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Дифтерия қоздырғышы – қоршаған ортаға өте төзімді келеді. Ауру тамшы жолдары арқылы дифтериямен ауырған науқас адамнан немесе дені сау бактерия тасымалдаушыдан жұғады. Кей жағдайларда қолданыс заттары, тағам арқылы жұғады. Дифтерия жайылу түріне қарай жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында, мұрын қуыстарында кездеседі. Сирек жағдайда, көз, жыныс мүшелері, тері жабындылары зақымдалады. Сырқаттанушылықтың ең кеңінен таралған түрі жұтқыншақ дифтериясы. Аурудың бастапқы кезінде науқастың дене қызуы көтеріледі, улану белгілері ұлғаяды.
Дифтерия таяқшасын бөлетін токсин тез арада қанға таралып, ауыр және қауіпті асқынуларға әкеліп соқтырады. Соның салдарынан адамның тыныс алуы нашарлап, кейде ол өлім жағдайына да алып келуі әбден мүмкін. Ауырудың дәрежесіне қарамастан, ересектер мен балаларда дифтерияның барлық түрі аурухана жағдайында емделеді. Науқасқа дифтерияға қарсы сары су тағайындалады. Сонымен қатар, антибиотиктер курсы тағайындалып, нәтижесінде қоздырғыштар жойылып, улану белгілері де төмендейді.
Науқасты тез арада оқшаулап, қарым-қатынаста болғандарды бактериологиялық тексеруден өткізеді. Қарым-қатынастағылар бұрын алған екпелеріне байланысты иммундаумен қамтылады. Бактерия тасымалдаушылар анықталған жағдайда оларды да оқшаулап, ем тағайындалады. Бала бақшаларда, мектептерде шектеу шаралары енгізіледі.
Кез келген ауруды, әсіресе осындай қауіпті дифтерия ауруын емдегенше, оның алдын алған оңай. Негізгі арнайы алдын алу шарасы ол — вакцинация. Вакцинация сәбидің 2 айлық кезінен басталады. Бұл жұқпалы дертке қарсы вакцинация, яғни дәрі егу шарасы деп аталады. Ол Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Ересектерге инфекцияға қарсы иммунитетті қалыпты ұстау үшін, әр бір 10 жыл сайын қайталама вакцинация жасау қажет.
Е.Жақияев,
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының
Т.Рысқұлов аудандық бөлімінің басшысы.