436 Views
Менингококктық инфекция – адамдарда ғана болатын жұқпалы ауру. Менингит – бұл миды және жұлынды жауып тұратын қабықшаның бактериалдық қабынуы. Оның қоздырғышы менингиттік нейсерия бактериялары ауа тамшы арқылы жөтелгенде түшкіргенде таралады.
Ауру басталғанда жедел аяқ астынан дене қызуы 39-40ᴼС-қа дейін көтеріледі, қалтырайды, қатты бас ауырып, жүрегі айнып қайта – қайта құса береді.Науқастар қатты мазаланып, көп қимылдайды, терінің гиперестезиясы дамиды. Қатты интоксикация кезінде бұлшықеттері тырысып қалады.
Аурудың алғашқы белгілерін байқаған жағдайда, дереу дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.Уақытылы басталған емдеу шаралары аурудың өршіп кетуінен сақтайды. Мамандар онымен қатынаста болған адамдарды тексеріп, оларға қажетті шаралар қолданады. Менингит инфекциясынын алдын алу үшін қажеттілік болмаса,адамдар көп жиналатын орындарға, сауда-ойын сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй жайларда өткізілетін мәдени іс-шараларға баруды шектеу. Суық тию ауруларының белгілері (жөтелу, мұрынның бітелуі түшкіру және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста болдырмау. Салқын тигізбеу және мезгілге сай киіну, жеке бас гигиенасын ұстану. Қалыпты демалуды, спортпен шұғылдануды және дұрыс тамақтануды сақтай отырып, өз имунды жүйеңізді нығайтыңыз.
Г.Оразалиева,
Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің маманы.
Поделиться ссылкой: