Ботулизмнің алдын алу
33 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Бүгінгі заман білектілердің заманы емес, білімділердің заманы» деп бекер айтылмаса керек. Қазіргі таңда қоғамда білім саласының орны ерекше.
Білім беру саласы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардан тысқары қалған емес. Сапалы білім ол жарқын болашақтың кепілі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтып кеткендей, қазіргі жастарымыз келешектің айқын айнасы іспеттес.
2020 жылға білім беру саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 11 млрд 788 млн. теңгені құрады. Биылғы жылы ауданымызда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 5 мектепке 1084000,4 мың теңгеге (Болтай-батыр орта мектебі, Ақтоған шағын орталықты орта мектебі, №3 шағын орталықты орта мектебі, Ақбұлақ орта мектебі, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. М.Әуезов атындағы орта мектепке 97,4 мың теңгеге қосымша мәжіліс залы және 2 пән кабинеті салынды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 3 мектепке 845493,7 мың теңгеге (Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі, №1 мектеп- лицейі, Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
6 мектепке жалпы сомасы 48241,0 мың теңгеге (Малдыбай орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, Құлан мектеп-гимназиясы, №2 шағын орталықты орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі, Қорағаты орта мектебі) ағымдағы жөндеу жұмыстары және 29 мектептің санитарлық тораптарын ішке орналастыру жұмыстарына жалпы сомасы 112612,1 мың теңгеге бүгінгі күні тиісті жұмыстар атқарылды.
Биылғы жылы аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты 38 мектепте (оның ішінде: 8 – бастауыш, 2-негізгі, 28 — орта мектеп) жалпы саны 14984 білім алушы бар. 38 мектептің 22-сі дәстүрлі форматта, 16-сы қашықтықтан оқуда. Жалпы дәстүрлі оқумен қамтылған 7930 оқушы (кезекші сыныпта-4580, штаттық режимдегі мектептерде-3550) оқушы бар.
Аудан мектептеріндегі оқушылар мен педагогтар оқу үрдісінде «Дарын онлайн» платформасын тегін пайдаланады. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 4 млн 441 мың теңге қаржы жұмсалды. Компьютерге қажеттілікті жою мақсатында республикалық бюджеттен 1629 (оның ішінде: 250-планшет, 1159-ноутбук, 220-компьютер) құрылғы алу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні облыстық білім басқармасынан 250 дана планшет, 220 дана моноблок, 100 дана ноутбук берілді.
Ал, аудандық бюджеттен 31 дана ноутбук және аудандық кәсіподақ комитетінің демеушілігінен 30 дана ноутбук алынып, жалпы саны 61 дана ноутбук қашықтықтан оқитын 16 мектепке толық таратылып, берілді.
Сонымен қатар қажеттілік бойынша 458 дана роутерге 8794,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, мектептерге толық таратылды.
«Golden Compass Jambyl» ЖШС басшысы Құрбан Изалов аудандағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға құны 8 млн. 100 мың тенгені құрайтын 100 дана планшет табыс етті.
Сонымен қатар ауданда 38 мектепте санитарлық қағидалар сақталған. Қазіргі таңда дәстүрлі және кезекші сыныптарда оқитын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында антисептик, санитайзерлер, медициналық төсеніштер, кварц лампалары, тепловизорлар және медициналық тоннельдер мемлекеттік сатып алу порталы арқылы сатып алынып, мектептерге таратылды. Бұл мақсатқа 14 млн. теңге қарастырылған.
«Білімдіден шыққан сөз, білімдіге болсын кез» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі жұмыс. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет.
Қазіргі таңда ауданымызда 1982 педагог қызмет етеді. Қазақ халқы «Бала тәрбиесі бесіктен» деп бекер айтпаған. Баланың үлкен өмірге қадам басуында балабақшаның орны ерекше.
Ауданымызда 23 балабақша жұмыс атқарып келеді. Мемлекеттік 14 балабақшада – 1532 бүлдіршін, жекеменшік 9 балабақшада – 1020 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандардың үлесі 1-6 жас аралығында – 88,2 %, 3-6 жас аралығында – 100,0 % құрап отыр.
Аудан әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 4- бабының 21 тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындарынан қаржылай немесе материалдық көмек көрсету қарастырылған.
Жекелеген санаттағы оқушылар тізімін нақтылауда аудандық прокуратура қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері, мектеп директоры және қамқоршылық кеңес мүшелері, «Ақжүніс» аналар қоғамының мүшелері бірлесе отырып зерделеп, 3072 баланы анықтады.
«Жалпы білім беретін мектептердегі жекеленген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпыға міндетті білім беру қорынан бір реттік қаржылай көмек көрсетуді ұйымдастыру» туралы аудан әкімінің 2020 жылдың 21 қыркүйегі №190 қаулысының негізінде бір балаға 25000 (мың) теңге қарастырылды.
Бүгінгі күні 3072 балаға жалпы 76 800,0 мың теңге ата-анасының есеп шотына аудару жұмыстары аяқталды.
Жамбыл облысы әкімінің «СӨЗДЕН-ІСКЕ» жобасын жүзеге асыру мақсатында барлық білім беру мекемелерінде жоспарлы шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Атап айтар болсақ:
«Мектепке тағзым!» акциясы аясында 2019-2020 оқу жылының ақпан, сәуір айларында жалпы сомасы 4000000 теңге көлемінде мектеп түлектері аудан мектептеріне демеушілік көмек көрсетті.
Атап айтар болсақ:
Жоғары дәрежелі дәрігер Сейтхан Жошыбаев 1 500 000 теңге қаражатқа Бірлес шағын орталықты орта мектептің карнизін ауыстырып берді.
Ақын Бейбіт Шошабаев 1 030 000 теңге қаражатқа Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебінің акт залын безендірді.
Жеке кәсіпкер Төленді Көпбаев Абай атындағы орта мектепке 400 000 теңгеге музыкалық аппаратура алып берді.
Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Пазыл Сүлейменов 300 000 теңге қаражат беріп, №2 шағын орталықты орта мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлесін қосты.
Сонымен қатар алдағы уақытта «Сөзден-іске» жобасын жүзеге асыру мақсатында білім бөлімі тарапынан үздіксіз жұмыстар жанданып жүргізіліп, жалғасын табатын болады.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
М.Базарова,
аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы.