Намысшыл нұржан

276 Views

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Нұржан Әуесбаев қысқа қашықтыққа жүгіру­ден облыс бойынша үздіктер санатында. Ол көптеген облыстық, респуб­ликалық жарыстарда атой сал­ған. Пандемияның салдары спорттық іс-шаралардың өтуіне тұсау салғаны анық. Әйтпеген күнде біз Нұржанды талай додаларда жеңімпаз немесе жүлдегер болатынын сан мәрте көретін едік.
Қайбір жылы Нұржан респуб­ликалық жарыстан олжамен орал­ды. Сонда онымен аздап сыр бөліскенбіз. Өте намысшыл оқушы. Осындай жетістіктерге ұстазы Жүніс Бектемишевтің айтқан ақыл кеңесінің арқасында жетіп жүргенін, салауатты өмір салтын ұстанған адамның дені де сау болатынын айтты ол сол кезде. Нұржан Әуесбаев Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы тестілерінен өткен жарыста жүлдегер атанған оқушы. Ол сондай-ақ, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қалаларында өткен республикалық додалардың да жеңімпазы әрі жүлдегері.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: