Келелі жиын өтті
24 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент Күні. Бұл күні еліміздің әрбір өңірінде ілкімді істер мен шарапаты мол іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай жиындардың бірі кеше аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында да өтті.
Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысқан шараға ауданның әр аймағынан ақ жаулықты аналар шақырылды. Сондай-ақ, жиынға бірқатар бөлім басшылары мен аппарат жетекшілері де қатысты. Жиында сүбелі сөздер мен құттықтаулар айтылды. Олардың ең алғашқысын аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы жеткізді. «Соңғы жылдары аналарға арналған көмектердің саны артқандығы баршамызға мәлім. Қолдан келгенше қосымша көмектер де көрсетіліп жатыр. Ол үшін демеушілерге, жаны жомарт азаматтарға айтар алғысым шексіз. Біз аналардың тарапынан қозғалатын мәселелерге әрдайым құлақ түруге әзірміз. Себебі, сіздер ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстайтын бүлдіршіндерімізді тәрбиелеп келесіздер» деп ақ жаулықты аналарды айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, аудан әкімі әлемді жайлаған індет қайта өршіп бара жатқанын айта келе, әр отбасы сақтық шараларын күшейту керектігін сөз етіп, үйде онлайн форматта дәріс алып жатқан бүлдіршіндерге арналған сыйлығын табыстады. Бұл жолы аналарға «Samsung» компаниясының өнімі саналатын сапалы әрі ішкі жады 32 GB-қа тең келетін планшеттер сыйға тартылды. Аталмыш сыйлыққа 10-ға жуық ана қол жеткізді. Айта кету керек, демеушілер есебіннен тарту етілген бағалы сыйлықтар 5-6 баланы өзі ғана тәрбиелеп отырған жалғыз басты әкелерге де бұйырды.
Жиын соңында ата-аналар күн-түн демей ұдайы байланысқа шығатын аудан басшыларының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өздеріне мерекелік көңіл күй сыйлағаны үшін шексіз алғысын жеткізді.
Жәнібек Базылбеков.