Атқарылған жұмыстар сараланып, белсенді жастар марапатталды

617 Views

Апта басында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға аталмыш кеңестің мүшелері, жастар ресурстық орталығының жас­тар ісі жөніндегі инспекторлары мен ауданның белсенді жастары қатысты. Отырысқа аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, жастар саясаты мәсе­лесіне кеңірек тоқталды. Өз сөзінде аудан басшысы болашағымыздың баянды, тәуелсіздігіміздің тұғырлы бо­­луы жастардың қолында екенін баса айтты. Кеңес отырысы «Қазақстан-2020: Болашаққа жол» мемлекеттік жас­тар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының орындалуы, ау­дан жастарына спорттық нысандар­дың қолжетімділігі мен жастардың бұ­қаралық спортқа тартылуы, Құмарық ауылдық округінде мемлекеттік жас­тар саясатының іске асырылуы туралы үш мәселені талқылады.
Осы мәселелер бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ дирек­торы А.Сарсеханұлы, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бө­лімінің басшысы Е.Шабеев, жастар ресурстық орталығының Құмарық ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Ибраева баяндама жасады. Отырыс соңында аудан басшысы алдағы уақытта кеңес отырысының хаттамалық тапсыр­маларын өз деңгейінде орындап, ау­дан­да жастар саясатын жандандыруды тапсырды.
Жиынның ресми бөлімі аяқтал­ған соң Ерболат Салқынбекұлы ау­данымыздың бірқатар белсенді жастарын алғыс хаттармен мара­пат­тады. Олардың қатарында Жүсіпов Жәнібек Жалғасұлы да бар. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» мерекелік медалі табыс етілсе, Бақтияр Асқар, Данияр Кәдірбек, Нұрым Тоқтаралиевке Жамбыл облысы әкімінің алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар Алихан Ақберді, Алтынай Базылбек, Жәнібек Әміре, Ахмет Қамшыбек секілді ауданымыздың бастамашыл әрі белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: