Халықты бір мақсат жолына біріктірген партия

739 Views

Бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясының саясат пен қоғамдағы орны бөлек. «Nur Otan» партиясы әрдайым халықтың ортасынан табы­лып, елдегі ахуалды реттеп отырады. Халықтың сенімді саяси ұйымы бола білген «Nur Otan» партиясы үнемі іргелі істердің басы-қасында жүреді. Партияның негізгі мақсаты – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Бұл арқылы «Nur Otan» партиясы ел сенімін ақтап келеді.
Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев бастаған ел партиясының мақсат-міндеттерін орындау барысында аудан көлемінде біршама іс-шаралар атқарылып келеді. Оны қалың көп­шілік жақсы біледі. «Нұрлы жол» бағ­дарламасы шеңберінде бөлінген инвес­тициялар өңір экономикасының дамуына жаңа серпін беруде. Әлемнің және еліміздің озық университеттерінде білім алған жастарды ауылға тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы оң нәтижесін беріп жатыр. Ауылдық аймақтағы кәсіп­керлік деңгейін көтеру бойынша да кәсіпкерлерге үлкен жағдай жасалып келеді. Сондай-ақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда «Nur Otan» партиясының рөлі айрықша екені сіз бен бізге мәлім. Осы орайда біздің партия ауқымды реформаларды жүзеге асыру үшін келешектегі бағыт-бағдарын, атқаратын міндеттерін айқындап отыр. «Nur Otan» партиясы көшбасшы партия ретінде мемлекетіміздің даму жолында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегия­лық бастамаларының негізгі тірегі­не айналды. Партия мүшелері ел алдындағы жауапты қызметтерін абыроймен атқарып, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігінде белсенділік та­нытуда.
Елдің тәуелсіздігі арқасында қол жеткен рухани байлықтарымыз – тіл, дін, мәдени құндылықтар. Біз­дің азаматтар қандай салада қыз­мет атқарып жүрсе де, ұлттық қасиет­терді қастерлеу, мемлекеттік мүддені жоғары қоюы қажет. Біздің алдымыздағы міндет – ұлттық және мемлекеттік мүддені жоғары қоятын іскер азаматтарымызды партияның тө­ңірегіне біріктіру. Осыған орай ел аза­маттарына жаңа стратегиялық бағыт бойынша қарқынды жұмыс істей­тін мүмкіндік туып тұр. Оны ұйымдас­тыру «Nur Otan» партиясының алдында тұрған жауапты міндет, мүдделі мақсат!

Ш.ДАЙРАБАЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің директоры.

Поделиться ссылкой: