Сенбілік жұмыстарына қатысты
35 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
«Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Осы мақсатта жақын күндері «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штаб мүшелері М.Райымбекұлы, М.Орынбаева, М.Смайлов үгіт-насихат жұмыстарымен ауданда болды. Штаб мүшелері іс-сапар барысында Қайыңды, Жарлысу ауылдарының жəне аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, сол жердегі сайлаушылармен сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Партия съезінде баса айтылған басымдықтарға тоқталды. Алдағы кезеңде халық игілігі үшін жасалатын істердің мəн-жайы туралы да айтып өтті. Сайлауалды штаб мүшелері сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.
Партияның бағдарламалары елдің əлеуметтік, экономикалық жағдайларын дамытуға арналған. Əсіресе ауыл жағдайын дамыту мəселелері де қолдау тауып келеді. Сондықтан «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы сайлау науқанын ынтымақтықпен өткізіп, ел болашағы үшін кемелді істер атқаруға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық сайлауалды штабы.