Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
2017 жылы ашылған «Жас натуралистер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бүгінгі таңда 33 педагог еңбек етеді. Олар 32 үйірмеге қамтылған 1290 оқушыға экологиялық және биологиялық бағыт бойынша дәріс беруде. Осы арада «Сіздің көкейіңізде бұл мекеме не үшін ашылды?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біз осы сұрақты «Жас натуралистер станциясы» КММ-нің директоры Қуандық Маханбетқұловқа қойдық. Ол «Біздің мақсат – мектеп оқушыларына сыныптан тыс уақытта биологиялық және экологиялық бағыттағы қосымша білім берудің әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыру екенін айтқым келеді. Екіншіден, тәрбиеленушілерді туған өлке табиғатын аялап, еңбек жұмысына баулуымыз қажет. Биыл біздің мекемеге аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың тікелей қолдауының арқасында аумағы 200 шаршы
метрді құрайтын жаңа жылыжай салынып, ресми түрде пайдалануға берілгелі отыр. Негізінен құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталған. Күз мезгілінде ұжым қызметкерлері мекеме тәрбиеленушілерімен бірлесіп, жаңа жылыжайға Ресейдің «Шарж» тұқымды қиярын отырғызған болатын. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Алдағы уақытта жылыжайға тропикалық өнімдер банан және лимон ағаштарын отырғызу жоспарымызда бар. Бізге қолдау көрсеткен аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлына, аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Айдарбекқызына айтар алғысым зор» деп жауап қайырды.
Жаңа жылыжайдың ашылу рәсіміне аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Кадіржан Медеров қатысты. Ол өз сөзінде ақын Қадыр Мырза Әлінің «Адам алдымен еңбектеп, сосын еңбекпен өседі» деген ғибратты сөзін тілге тиек етіп, ұжым қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі. Содан соң салтанатты түрде жылыжайдың лентасы қиылды.
Марат Диханбай.