Кандидаттар мен сенімді өкілдер сайлаушылар үйлерін аралап, кездесті.

546 Views

«Nur Otan»  партиясы сайлауалды штабының үгіт- насихат жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар  Мереке Айнакулов және Мұратжан  Мейманханов  насихат жұмысын қарқынды жүргізуде. Бүгін де аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар жəне сенімді өкілдері канвассинг форматында аудан, ауыл тұрғындарымен үгіт — насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында үйлерін аралап кездесті. Кездесу барысында кандидаттар мен сенімді өкілдер «NUR OTAN»партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары, ауыл жұртшылығына тиімді тұстары туралы айтып, түсіндірді. Сайлауалды бағдарламада əрбір адамға лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайлар жасауға бағытталғаны жайлы сөз қозғап, əрбір сайлаушыға алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Сайлауалды бағдарламаның өзектілігі жұртшылықтың оң көзқарасын тудырып, қолдау пікірлерге ие болды.

«Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық сайлауалды штабы.

Поделиться ссылкой: