Ұлттық сараптама орталығы халыққа қызмет атқарады
Елімізде медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету, медицина саласын дамыту, халықтың өзін өзі сақтауына жағдай жасау және медициналық қызмет көрсетушілердің кәсіби деңгейлерін арттыру бұл күннің талабы болып табылады.
Біздің мамандарымыз аталған іс- шараларды жүзеге асыру мақсатында зертханалық зерттеулердің сапалы әрі жедел, сенімді әрі дәлдігі жоғары, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен ережелерге сай жүргізілуін қамтамасыз етіп келеді.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сай жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өз құзіреті шегінде, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіп, ақылы қызмет көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер сияқты санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өздері қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы табыс етеді. Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:
– санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, паразитологиялық зерттеулер мен су үлгілерінің, тамақ өнімдерінің энергетикалық және биологиялық құндылығын зерттеу, шуылды, дірілді, электро-магнитті өрістерді және физикалық факторларды өлшеу, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер;
– дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтері;
– өндірістік бақылау және тағы басқалар;
– ауыз судың микробиологиялық және химиялық құрамын анықтау.
Ақылы қызмет көрсету төлемі, бас кәсіпорын бекіткен баға прейскурантына сәйкес жүргізіледі.
Біздің мекен-жайымыз:
Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Болыс көшесі, №1 «А»
Сенім телефоны 4-08-28 электронды почта csee_kulan@mail.ru.
Е.Джакияев,
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-нің
Жамбыл облысы бойынша филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің басшысы.