Тәуелсіздіктің жүгі ауыр

1 488 Views

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласын бас алмай оқып шықтым. Көрші ел тарапынан болған еліміздің шекарасына қатысты алып-қашпа әңгімелердің нүктесін аталған мақалада Президентіміздің шегелеп тұрып айтқаны рухымды оятты. Осылайша, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойында мұндай сыртқы қысымдарға нық әрі сенімді түрде жауап берген Мемлекет басшысы нағыз дипломат екенін ұқтырды. Иә, қазақ елі үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Бұл шығар күндей шындық. Азаттық заманалардан келе жатқан басты құндылықтың бірі. Дегенмен, тек тәуелсіз ел болып қана қалған, мақсаты айқын, экономикасы дамыған елге аздық етеді. Ең басты құндылықтың бірі – әділетті қоғам құру. Дәл осы «әділетті қоғам» концепсиясы жайында айтқан Президентіміздің ой толғамдары мен нақты қадамдары еліміздің ертеңін жарқын қылары анық.
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігімізді айқындап тұратын басты факторға ие. Аталмыш мақалада қазақ тілінің мәртебесі хақында тек жылтырақ сөздер емес, тұғырын бекіте түсетін айқын жолдар айтылып, әрбір Қазақстан азаматы ана тілін білуге тиіс деген шарт қойылды. Иә, ұлан-байтақ жеріміз, ана тіліміз бен береке-бірлігіміз – ұлттың гармониялы дамуы үшін, елдің елдігін сақтауы үшін, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мәңгі болу үшін аса маңызды. Құндылықты дұрыс бағалау – өмірдің мағыналы болуын айқындайтын маңызды феномен. Мақалада айтылған мәселелердің еліміздің болашағы үшін маңызды екені анық. Президент айқын мәселелерді насихаттау – мемлекеттік тұрғыдағы маңызды іс болып саналады.

Нұрым Тоқтаралиев,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Көкдөнен ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы.

Поделиться ссылкой: