Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақаласында «Азаттық таңын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, қазіргі жастар өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін түсіне бермейтінін» атап көрсетті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаhан жұртына таныстыра алады» деп тағылымды сөзге тоқталғанын баршамыз білеміз. Біз, қазіргі ардагерлер, Тәуелсіздік алған ең алғашқы күннен бастап, еліміздің жүріп өткен тар жол, тайғақ кешулі жолдары мен алған биік белестерінің куәгерлеріміз.
Иә, жаңа заманның ырғағына ілесу оңай болған жоқ. Өзіміз еңбек еткен ортада халқымызбен бірге бұрын ойымызға да келмеген қиындықтарды жеңе білдік. Сондықтан қазіргі әлемдік жаhандану жағдайында жастарымыздың еліміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін танып, біліп өсуі үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен ғана шектелмей, халқымыздың сан ғасырлық өмірінің негізі болған салт-дәстүрімізді, дініміз бен ділімізді, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпағымыздың бойына сіңіріп тәрбиелеуіміз керек. Ұрпақтар сабақтастығына байланысты салиқалы ой-пікірімізді ел болашағы жастарымызға түсіндіруіміз қажет деп есептеймін.
Мемлекет басшысы осы мақаласында қасиетті кең байтақ жерімізді, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тілімізді және елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған берекелі бірлігімізді егемендігіміздің мәңгілік үштағаны екендігін атап көрсетті. Аталмыш мақалада халқымыздың осы құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға әрқайсымыз міндетті екендігімізді еске салды. Бұл құндылықтарды бөле жаруға болмайды. Президентіміз бұл мақаласында біздің көпұлтты мемлекетімізді бір бағытқа біріктіретін күш – мемлекеттік тіл екеніне тағы да баса назар аударғанын атап кету керек. «Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені Конституциямызда 90-шы жылдардағы күрделі кезеңнің өзінде нақты жазылған. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы» деді. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру басты міндет екенін еске салды. Ол үшін біз жастарымыздың бойында қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын бала кезден оятып, сол бағытта тың әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану керек деп ойлаймын. Көп тілмен қатар мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтың мерейі үстем болатынын жастарға түсіндіріп, соған қол жеткізуге талпынған жастарға жағдай жасауымыз керек.Тарихын, әдебиетін, мәдениетін, өнерін дәстүр-салтын жақсы біліп, тарихтан тағылым алған жастарымыз тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсінеді. Осылай болған жағдайда жастарымыз келешекте біздің ұлттық жаңғыруымыздың көшбасшылары бола алады.
С.Өтегенов, аудандық Қоғамдық келісім
кеңесінің төрағасы.