Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ облыстық филиалының облыс жұртшылығына
ҮНДЕУІ!
Құрметті облыс тұрғындары!
Қадірменді әлеумет!
Бүгінде жер-жаһанға қауіп төндірген пандемия індеті әлі де таралуын тоқтатпай, өз зардабын тигізуде. Еліміз бойынша біршама тұрақталған эпидемиологиялық ахуал қазіргі таңда қайтадан күрделеніп, вирус жұқтырған науқастардың саны артып келеді.
Халқымыз осы күнге дейін пандемияны жұдырықтай жұмылып, бірлік пен татулықтың арқасында еңсеріп келеді. Енді індет қайта белең алған тұста, осындай ауызбіршілік секілді құнды қасиеттерімізді жоғалтпай тұтастығымыз бен ынтымағымызды нығайта түсіп, пандемиямен күресте жұмылуға шақырамыз. Ол үшін сақтық шараларын сақтап, медициналық нормаларды қатаң ұстағанымыз жөн. Бетперде тағуды біздің күнделікті өмip салтымызға енгізуді жалғастыруымыз қажет.
Індетке қарсы вакцинациялау процесі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар болып отырмыз. Бұл ең алдымен epікті түрде жүргізілетіні, бұған қорқыныш сезімімен қарамай, ең алдымен, тұрғындар денсаулығы үшін іске асырылатынын ескертуіміз тиіс!
Сонымен қатар шиеленісті ахуалға қарамай, қыз ұзату, құдалық, беташар, сүндет той секілді той-томалақтар әлі де жалғасуда. Бұл жиындар індеттің таралуына тікелей жол ашып отыр. Осы тұста, барша тұрғындарды ең алдымен өз денсаулығына және өз отбасыларының денсаулығына аса жауаптылықпен қарауға шақырамыз. Себебi осындай жиында болған бір адамның тағдыры тұтастай бір отбасының тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін екендігін ешқашан жадымыздан шығармауымыз керек!
Құрметті жамбылдықтар!
Өкінішке орай, бұл індетті жұқтыру ықтималдылығы әлі де өте жоғары деңгейде болып отыр. Сондықтан баршаңызды пандемияны өршітуге септігін тигізетін қандай да бір келеңсіз әрекеттерден аулақ болып, барынша сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.
Саулық – сақтықта екенін ұмытпайық.
Еркінбек СОЛТЫБАЕВ,
облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.