Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Іргеден енген індет әлі де барша әлем жұртын дүрліктіріп отыр. Жаһанды шарлаған коронавирус кеселі талай жанның өмірін қиды, көптеген адамның денсаулығына зақым келтірді. Күнделікті БАҚ-тан көрсетіп жататын статистика баршамызды алаңдатып тұр. Осы тұрғыда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтың облыс жұртшылығына жасаған үндеуі аса маңызды. Әсіресе, облыс аумағында кеселді ауру тез таралып жатқанына тоқтала отырып, осы орайда тиісті карантиндік шараларды қолға алу керек екенін айтты. Расында, қазіргі таңда Жамбыл облысында коронавирустік белгілері байқалған адамдар саны едәуір көбейіп келе жатыр. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бірлесе білген ел жеңеді» деп айтпақшы, бұл біздің сыналар шағымыздың бірі. Бұл індетті тек бірлескен түрде сақтық шараларын сақтай отырып қана жеңеміз. Сол үшін жақындарымыздың және өзіміздің денсаулығымызға жауапкершілікпен қарайық, жерлестер.
Қожайхан БИЖАНОВ,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.